Онлайн газет



Мәдениет және өнер қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Мәдениет-ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы мен парасаты. Сондықтан да өнерін сүйген, өнерпазын үкілеген елдің мәртебесі қашан да биік болады. Бар өнерін бармақтың басына, тілдің ұшына қондырған халқымыздың шежіресі, көнекөз естелігі ең алдымен оның әні мен күйінде, жыр-толғауында болған. Яғни мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамитындығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. 
Бейсенбі күні аудан әкімі М.Шүкеев ауданның өнері мен мәдениетіне сүбелі үлес қосып, осы саланың шоқтығын көтеріп келе жатқан мамандық иелерін қабылдап, төл мерекелерімен құттықтады.
Аудан әкімінің қабылдауында аудан әкімдігі мәдениет және  тілдерді дамыту бөлімінің басшысы С.Сыздықов бастаған сала қызметкерлері, атап айтқанда,  ақын-термеші Ертай Тазабеков,  әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі Манзура Көбеева,  №3 Байзақ колледжінің   оқытушы-ұйымдастырушысы Заман Молдабаев, Мырзатай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Алима Ахметова,  орталық  кітапхананың кітапханашысы Анар Сарыпбекова,  әнші Марал Жанбаева болды.
-“Мәдениет-адамзат тарихының ең басты күретамыры” деп Елбасымыз айтқандай, мәдениет-адамзатты тұлға деңгейінде қалыптастыратын негізгі құрал, өнер -мәдениеттің алтын қазынасы саналады. Сондықтан  “мылтықсыз майданның” майталмандарына деген құрмет ешуақытта ортаймайды.  Халықтың мәдениетін арттыру, өсер ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерімізді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді. Ауданымыздан  ел мақтанышына айналған айтулы ақындар, жазушылар, ғалымдар, спортшылар көптеп шыққан.  От ауызды орақ тілді ақындар Мұхамеджан Тазабеков, марқұм Әзімбек Жанқұлиев,  белгілі ақын Қайыпназар Шотбасов, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр,    айтыскер Алтынкүл Қасымбекова жезтаңдай әншілер мен  күйшілер, жалпы мәдениет саласында аянбай тер төгіп, барлық күш жігерлерімен еңбек етіп, мәдениетімізді барынша дамытуға,  өнердің биік шыңдардан көрінуіне бірден-бір атсалысып жүргендерді  мақтаныш етеміз,-деді аудан басшысы өз сөзінде.
Киелі өнер жолында  өңірді ел-жұртқа танытып, биік тұғырдан көрсетіп жүрген өнер иелері аудан әкімінің Грамотасы және   Алғыс хаттарымен, сондай-ақ,  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 27.05.2015 10:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін822
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11081
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27711
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279380

Серіктестер