Онлайн газет



Жастар – ертеңгі тірегіміз

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Апта басында арнайы іссапармен облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев ауданымызға табан тіреді.  Ол ең алдымен Сарыкемер  ауылына кіреберістегі «Астананың 10 жылдығы» атындағы саябақтың көркем табиғатын тамашалап, «Жеңістің 70 жылдығы» аллеясын аралады. Жай аралап қана қоймай, аталмыш демалыс аймақтарында аудандық  «Жасыл ел» еңбек жасақтарының  атқарған істерімен танысып, еңбекші жастармен жеке-жеке сөйлесті.

Мұнан соң Еркебұлан Есенғалиұлы Мырзатай ауылдық округінің маңында тұрғызылып жатқан 60 орындық туберкулезге қарсы ауруханасына ат басын тіреді. Жұмыс қызу жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында әлі де көмек қолы жетіңкіремейді екен. Сондықтан да алдағы үш ай демалыста студенттік құрылыс отрядтарын іске тарту мәселесі көтеріліп, шешімін тапты.
Түстен кейін Сарыкемер орта мектебінің акт залында  мектеп ұстаздары және жас мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Онда сөз сөйлеген  облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Е.Құралбаев «жастар – ертеңгі тірегіміз» дей келе,  Елбасы бас болып елімізде жас ұрпақтың жарқын болашағы жолында ауқымды шаралар іске асып жатқанын, облыс көлемінде жастар саясатын жандандыру мақсатында орындалған жұмыстарды сөз етті. Ал, аудан әкімдігі ішкі саясат басқармасы жанынан құрылған «Жастар орталығының»  директоры Е.Мадияров аудандағы жастардың ықпалымен жүзеге асқан шараларды тілге тиек етті.
Басқосуда әртүрлі салада өңірімізде өз мамандықтары бойынша қызмет етіп жүрген жас мамандар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып жатты. Басым көпшілігі «Дипломмен ауылға» бағдарламасы тұрғысындағы түсініспеушіліктерін алға тартты. Тиісінше жауаптар алды.
Әрине, жиын жастармен еркін пікір алмасу жағдайында өткерілгендіктен біздегі әр ауылдық округте жастар нұсқаушылары міндетін атқарып жүрген мамандарға да сын-ескертпелер айтылды. Оларға алдағы күндері жұмысты жандандыру, мектеппен тығыз байланыс жасау ұсыныстары ортаға салынды.
Кездесуден кейін Жалғызтөбе ауылдық округіне келген жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы осындағы жас кәсіпкер А.Нұрмағанбетовпен жолықты. Заман талабына сай ісін ілгері жылжытып отырған Әлібек - пластикалық терезелерді  шығарып, оны орнату, жеткізіп берумен айналысады екен.  Осылайша еліміздің өсіп-өркендеуіне өздігінше үлес қосқан жас кәсіпкерге  еңбегінің өрістей беруін тілеген Е.Құралбаев  іссапарын Қызылжұлдыз, Бурыл елдімекендерінде жалғастырды.  Мұнда ауыл жастарының жалпы жағдайын өз көзімен көріп, ұл-қыздарды өсіп-өнген ортаның тазалығына мән беруге шақырды.

Обновлено 27.05.2015 10:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін902
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11161
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27791
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279460

Серіктестер