Онлайн газет



Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды

Б. Көлбаев,
Байзақ ауданы қорғаныс істері жөніндегі  бөлімінің қызметкері.

Болашағын бағамдау үшін кез келген халықтың өткенін саралап, бүгініне баға берері хақ. Тасқа басылған тарихтың жарқын тұстары халықты ерлік пен елдікке үндеп, болашаққа бағдар сілтесе, қаралы беттері өткеннен сабақ алуға жетелейді. Бұрылысы мен құбылысы көп адамзат тарихында үшінші дүниежүзілік соғыстың алатын орны айрықша. 1941 жылдың 22 маусымында   таң қылаң бере   фашистік Германия  Кеңес одағына  шабуыл   жасады. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  Кеңес Одағы сияқты,     алғашқы   күннен бастап  жұдырықтай жұмылып,    әскери  комиссариаттарға   еріктілер  ағылды.   Кеше  ғана мектеп  партасында  отырған  бозбалалар  мен бойжеткендер де,   қала   мен ауыл тұрғындары да соғысқа  аттанып жатты.
Сұрапыл соғысқа бір отбасынан аттанған  әкелі-балалылар аз болған емес. Солардың бірі-Дихан ауылдық округіне қарасты Аймантөбе ауылының тұрғыны болған Тоқтыбай  атамыз еді.
Тоқтыбай Жұмабаев  сол дәуірдің талай қиындығын көріп өсті.  Колхозда  әртүрлі жұмыстар атқара жүріп, білім алды.  1922 жылы туылған баласы Шайдазым  (суретте)  17 жасқа толғанда, яғни 1942 жылы әкесі Тоқтыбаймен бірге Свердлов аудандық  әскери комиссариатына шақырылып, майданға аттанады.  Тоқтыбай  сұрапыл соғысқа жарақат алып, туған жерге оралғанымен, баласы Шайдазым  күні бүгінге дейін  хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында жүр.
Сұрапыл соғыста «ел басына күн туғанда, етігімен су кешкен»  ерлердің бірі-Олжабек  Сарсенбаев (суретте). 1910 жылы туылған. 1942 жылдың маусымы мен 1943 жылдың қаңтарына дейін №136 атқыштар полкінде атқыш қызметін атқарған. Қиянкесті шайқастарда сол қолынан жарақат алған  Олжабек атамыз қасық қаны қалғанша шайқасқан. Туған  жерге оралған соң Ленин атындағы колхозда әртүрлі жұмыстарды атқара жүріп, ел құрметіне бөленді.
Өзі өмірден өтсе де Олжабек атамыздың кіндігінен  тараған 5 ұл-қыздарынан бірнеше   немере, шөбере өсіп келеді.
Қазыналы қария атанған Олжабек  қария  еліміздің ертеңі үшін қан төкті, туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек етті. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ауылымыздың өсіп-өркендеуіне жұмсады. Өсіп келе жатқан жастарға  өнеге көрсетіп,  оларды игілікті істерге баулыды,  көкейкесті проблемаларды шешуге үлес қосты, ел бірлігі мен  қоғамдық татулықтың нығаюына атсалысты.
«Өткеніңді еске алсаң, өскеніңнің белгісі» дейді дана қазақ. Қан майданда ерлік көрсетіп,  бейбіт күнде еңбектің ерен үлгісін танытқан  аталарымыздың  ұмытылмас бейнесі, олардың атқарған істері мен ұлағатты өнегесі өсіп келе жатқан өскіндерге  үлгі болып қала бермекші. Олай болса, ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды деген осы шығар, сірә!

Обновлено 27.05.2015 10:26
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін856
mod_vvisit_counterКеше1971
mod_vvisit_counterОсы аптада11115
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда27745
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2279414

Серіктестер