Онлайн газет



ҚҰНДЫ БАҒДАРЛАМА

А. Наурызбаева,
“Мемлекеттік тілді оқыту орталығы” Байзақ аудандық бөлімшесінің оқытушысы.

Тәуелсіздік алғалы бері  еліміз өзіндік даму  жолына түсіп,  экономикамыз қарқынды дамып келеді. Жыл өткен сайын халқымыздың әл-ауқаты артып,  тәуелсіз еліміздің мәртебесі биіктеп отыр.  Еліміздің   дамуы мен дамыған  30 елдің қатарына енуге  мүмкіндік беретін Елбасымыздың “100 нақты қадам” жөніндегі стратегиялық бағдарламасымен танысып шықтық.
Аталмыш бағдарламада  кәсіби мемлекеттік аппарат құру,  заңның үстемдігін қамтамасымз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім,  біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемелкетті қалыптастыру  секілді маңызды мәселелер  айтылған екен.
Шындығында  жаһандану дәуірінде  дамыған  елдің қатарына ену оңай емес. Ең бастысы елдің бірлігі мен  татулығын сақтай отырып, барлық азаматтардың тең құқығын, теңдігін сақтаудың маңызы зор. Мұнымен қатар азаматтық теңдік, еңбекқорлық пен білімділік, отансүйгіштікті бүгінгі ұрпақ бойына сіңіру- бұл орнықты да табысты мемлекеттің  сенімді серігіне айналатындығы шындық.
Бүгінде  тәуелсіз елімізде 130-дан астам  ұлт өкілдері бір үйдің баласындай тату тәтті ғұмыр кешуде. Елімізде 800-ден астам этномәдени бірлестіктер, 15 тілде шығатын газет-журнал, 8 тілде радиобағдарлама, 7 тілде телебағдарламалар, өзге ұлт өкілдерінің театрлары да   ел бірлігіне қызмет етуде.
Елімізде қоғамдық келісім пен ұлтаралық келісімнің салтанат құруына Қазақстан халқы Ассамлеясының атқарып отырған жұмысы қомақты деп айтуға болады.
“ Біртектілік пен бірлік “атты бесінші реформаның  58 қадамы “ Мәңгілік ел” патриоттық актісі жобасын әзірлеу,  ал  89 қадам “ Нұрлы болашақ “ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына “Мәңгілік ел құндылықтарын енгізу” қажеттігі айтылған. Расында да  еліміздің ертеңі- жастардың бойына отансүйгіштік, өзінің туған елі мен жеріне деген терең құрметті қалыптастыруда елдік мұратқа айналған ортақ идея -”Мәңгілік ел” идеясы елімізді біріктіруші рөлін атқаратын болады. Сондықтан   қоғамның  дәл бүгінгі тынысын дөп басып, алдағы басты міндеттерді айқындаған Елбасының  “нақты 100 қадамын” іске асыру жолында  бар күш-жігерімізді  сала еңбек етейік дегіміз келеді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін398
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2559
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19189
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270858

Серіктестер