Онлайн газет



СПАРТАКИАДА жеңімпаздары анықталды

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен жұма-сенбі күндері аудан  әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорттың он түрінен ауданымызда «Байзақ спорты – 2015» атты аудандық спартакиада болып өтті.

Аталмыш шараны аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаров пен спорт ардагері Қайрат Байтақовтар құттықтау сөздерімен ашып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Аудан аумағындағы он сегіз ауылдық округтерден келген, бойында күші тасыған 415 спортшы жеңіс үшін жанын салған жарысқа Сағынбек Жүнісбеков төрешілік етті. Спорттың асық ату, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол, қалашық, арқан тарту, эстафета, үстел теннисі түрлерінен тартысты өткен жарыста алдарына жан салмаған түймекенттік тарландар командалық есепте 258 ұпаймен топ жарды. Сондай-ақ, Бурыл ауылдық округінің спортшылары 210 ұпаймен үздік екілікті еншілесе, спартакиадада  намыстарын абыроймен қорғаған ботамойнақтық спортшыларға (198 ұпай) қалған қарсыластары тұсау сала алмады.
Иә, жеңіске деген жігерін жаныған аттары аталған спортшылар үздік үштіктің тұғырынан көріне білді. Жарыс соңында барлық жеңімпаздарға аудан  әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы Кубоктары, Грамоталары мен бағалы сыйлықтары табыс етілді.

Обновлено 27.05.2015 10:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін442
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада2603
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда19233
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2270902

Серіктестер