Онлайн газет



Ақпараттар ағыны

Сарыкемер  орта  мектебi топ  жарды

Жыл сайын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына  мүше ұйымдардың арасында еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі  бойынша  республикалық қоғамдық байқауы өткізіліп тұрады. Қазақстан Республикасының кәсібиодақ Федерациясының ұйытқы болуымен өткен  байқауға Байзақ ауданы білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұсынуымен Сарыкемер орта мектебі де қатысты. Мектеп директоры М.Наметқұлов басшылық ететін бұл мектепте 600-ден аса оқушы білім алып, 80-ге жуық ұстаздар, 30-дан аса кіші қызметкерлер, 2 медбике қызмет атқарады. Мектеп асханасы, кітапханасы, спорт залы, жылыжайы, жиын залы, ақпараттық-ресурс орталығы заманауи талапқа сай жабдықталумен қатар, барлық қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің сақталуына байланысты мектеп жұмысы байқау барысында жан-жақты зерделенді.
Осы Республикалық байқаудың нәтижесінде Ә.Құсайынов басшылық ететін  Кәсіподақтар Федерациясының шешімімен  Сарыкемер орта мектебі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 2014 жылғы қоғамдық байқаудың «Үздік ұйым, кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылды.

Өз тілшіміз.

 

Тәрбиешілер сайысқа шықты

А. Юсупбаева,
тәрбиеші.

Таяуда Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің жанынан ашылған “Ер Төстік” шағын орталығында әдіскер А.Жунисова мен психолог П.Наргелованың ұйытқы болуымен «Ынтымақ, бірлік, келісім. Ең асыл бақыт-ел үшін» атты  тақырыпта  тәрбиешілер арасында сайыс өтті.
Қазақ, өзбек, орыс, үндіс, түрік, дүнген, қырғыз халқының атынан  қатысқан тәрбиешілер сол ұлттың әндерін шырқап, салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіп,  ұлттық тағамдарын  дайындап, сынға түсті. Шара барысында «Күншуақ», «Балауса»,  «Балбөбек» топтары  мың бұрала билеп,  өнерлі екендіктерін танытты.
Егемен елімізде  тату-тәтті тұрып жатқан сан ұлт өкілдерінің  бірлігі мен  татулығын ұлықтаған  сайыста  бас жүлдені Перизат Жәмішжанова жеңіп алды. Бірінші орынды Ұлжалғас Сабденбекова, екінші орынды Айгүл Калимбетова, үшінші орынды  Азиза Күнтуғанова иемденді. «Сүйкімді қыз» номинациясы Тұрдыгүл Жанибекова, «Парасатты қыз» Гүлнар Егембердиева, «Инабатты қыз» номинациясына Балагүл Асанова лайықты деп танылды. Өнер додасына қатысқандарға орталық атынан бағалы сыйлықтар табысталды.

«Білім көкжиегі» атты мектеп күні өткізілді

Сарыкемер орта мектебінде «Білім көкжиегі» тақырыбында мектеп күні өтті.  Басты  мақсаты оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау, оқушылардың шығармашылық біліктіліктерін дамыту және отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту болып табылатын іс-шарада ата-аналар әр сыныптағы ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарына қатысып, баланы білім алуға тәрбиелеу туралы психологиялық, педагогикалық кеңестер алды.
Мектеп күніне орай мектеп фойесіне оқушылардың қолөнер бұйымдары мен әр түрлі жанрдағы суреттер қойылды. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын ата-аналар да көріп тамашалады.
Әсіресе, мектеп күні мерекесіне орай дайындалған концерттік бағдарлама баршаның көңілінен шықты. Онда сөз сөйлеген Сарыкемер орта мектебінің директоры Мұхит Наметқұлов мектеп өміріне белсене араласып, бала тәрбиесіне қосқан елеулі үлестері үшін бір топ  ата-аналарды Алғыс хаттармен марапаттады. Соның ішінде ерекше атап өтетіні «Жылдың ең үздік ата-анасы» номинациясымен 7 баланың анасы Матиниязова Жұпаргүл марапатталып, сый-сияпат табысталды.

Өз тілшіміз.


Адам өмірі-басты назарда

Д.Абдикей,
Байзақ АІІБ ӘПБ бастығының орынбасары, полиция капитаны.

2015 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Ішкі істер Министрлігімен бекіткен жаяу жүргіншілердің жүру қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары профилактикасы, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жарақаттанушылықтың алдын алуды қамтамасыз ету бойынша іс-қимылдардың онжылдығын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың 2011-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарларының 8-тармағын іске асыру мақсатында Жамбыл облысы ІІД-мен жергілікті атқарушы органдарымен, денсаулық сақтау, білім беру органдарымен, БАҚ-пен бірлесіп ағымдағы жылғы 4-30 мамыр аралығында 3 кезеңге бөлініп өткізілуде.
Акция барысында жаяу жүргіншілердің қатысуымен ЖКО жолын кесу және олардың арсында ЖҚЕ бұзушылығының алдын алу бойынша тиімді жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында ЖКО-ның себептері мен жағдайын  зерттеу ұйымдастырылды. Жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ қауіпсіздігін сақтау мәселесі бойынша мақсатты бағытталған құқықтық түсініктеме жұмыстарын жұртшылық арасында жүргізу ұйымдастырылды. Кәмелетке толмаған істері жөніндегі инспекция қызметкерлерімен бірігіп ЖҚЕ бойынша мектептерде әңгіме, дәрістер өткізілуде.
Учаскелік полиция инспекторлары және кәмелетке толмаған істері жөніндегі инспекторларының белсенді қатысуымен ауылдық жерлерде жол қозғалысы үшін қадағалауды күшейту бойынша шаралар қабылдап, жаяу жүргінші жасайтын ЖҚЕ бұзушылықтарының жолын кесу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды және ЖҚЕ-сін бұзғандарға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 

Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Қ. Байдаралинова,
Амангелді атындағы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Жақында Амангелді атындағы орта мектебінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ұлықтаған шара өтіп, оған ауған соғысы ардагері, подполковник Айбек Тұрлыбаев, Жылысбеков Нұрболат, Тұрлыбаев Лесбек, Шалқаров Қайрат, сыныптастары Ш. Нарботаев,  батырлар дәріс берген ұстаздар Б.Ережепбаев, А.Шайзадаева мен Д.Әліпбаевалар қатысты.
Кездесуді мектеп директоры К.Алменова ашты. Ел басына күн туған шақта еліне қорған болған   байзақтық батырлардың ерлігі бүгінгі ұрпаққа өнеге екендігін, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу барысында  атқарылып жатқан  шараларды    баян етті. Ауған соғысының ардагері А.Тұрлыбаев  өзінің басынан кешкен оқиғалар туралы айта келе,  туған жерін сүю,  егемен еліміздің бүгінгі жетістіктеріне тоқталды. Ол сонымен қатар ауған жерінде   шейіт болған боздақтардың ерлік істері  ұмытылмайтындығын  сөз етті.
Жүздесуге қатысқан оқушылар  көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Естелікке ер ағаларымен суретке түсті. Ардагерлер  мектептің жеке кітапхана қорына «Маңғыстау» альбом-кітабын және «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері» кітаптарын сыйға тарту етті.

Психологиялық қызметті жетілдіру-маңызды

Ж.Темірқұлқызы,
Үлгілі орта мектебінің психологы.

Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы дені сау, білімді, талантты да, қажырлы, бәсекеге қабілетті, Отанын сүйетін ұрпақ десек, сол ұрпақты тәрбиелеуде педагог-психолог мамандарының еңбегі мен алар орны зор.
Осы бағытта жуырда аудандағы білім мекемелерінің психологтары арасында “Қазіргі білім беру жағдайында мектептегі психологиялық қызметтің маңыздылығы туралы” семинар болып өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Р.Сабитбекова білім беру мекемелерінде психологиялық қызметті жетілдіру - маңызды екендігін сөз етсе, Сарыкемер орта мектебінің педагог-психологтары Н.Қарқынбаева, Ә.Қуатова тренингтер мен сергіту сәттерін жүргізіп, тақырып төңірегінде слайдтар көрсетті.

Обновлено 27.05.2015 10:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін140
mod_vvisit_counterКеше2528
mod_vvisit_counterОсы аптада4829
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда21459
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2273128

Серіктестер