Онлайн газет



Бала болашағына жауаптылық-ортақ іс

А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Әні-міне дегенше кезекті оқу жылы аяқталып, бітіруші түлектер өз өмірлеріндегі ең маңызды сынақ – ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынайды. Білім сайысында біліктілік деңгейі ең алдымен бала бойындағы талаптылықпен өлшенеді дейтін болсақ, ұстаздар берген тәлім-тәрбиемен қатар, ата-аналардың қолдауы ерекше қажет. Міне, осы мәселе өткен сенбі күні ұйымдастырылған «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбындағы ата-аналар конференциясында ашық айтылды.

Қызыл жұлдыз ауылындағы Н.Ақшабаев орта мектебінде өткен іс-шараны аталмыш мектептің директоры Қ.Бәйтен ашып, биылғы оқу жылында мектеп бітіретін оқушылардың нақты саны, солардың ішінен тестілеуге қатысатындары, соңғы сынақ нәтижелері туралы қысқаша мәлімет берсе, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Р.Сәбитбекова ҰБТ, оның басты талаптары, білім бәсекесіне оқушыларды психологиялық дайындау турасында сөз қозғады. Рәзия Серікқызы әсіресе,  осынау жауапты кезеңде ата-аналардың баласына барынша қолдау көрсетуі керек екендігін баса айтты.
Мұнан соң мектеп психологы Райхан Әбиева әрбір ата-ана бұл сынаққа балаларымен қатар дайын болуы керектігін ауызға алып, олар ҰБТ нәтижелерінің маңыздылығынан бұрын баланың денсаулығы мен оның эмоционалдық амандығын ойлауы қажет екендігін айтып түсіндірді.  Негізгі ойын - «Менің әкем», «Ана», «Түлектердің ҰБТ-ге деген көзқарасы»  бейнероликтерімен және түрлі слайдтарда көрсетілген мәліметтермен айтып жеткізді.
Конференцияда аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі Ж.Құмғанбаев сөз сөйлеп, жастар үшін жауапты кезең – мемлекеттік сынақтың маңыздылығы жайында айтып берді. Мектеп бітіруші түлектердің жоғары балл иеленуіне тілектестігін білдірді.
Мұндай іс-шара бұл күні сонымен қатар,  бірнеше оқу ордасында өткерілді.
Сарыкемер ауылындағы Қазақстанның 40 жылдығы, Қостөбе ауылдық округіндегі Н.Гоголь орта мектептерінде ұйымдастырылған конференцияға ата-аналар мен ұстаздар және «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов,  аудандық «Ауыл жаңалығы» -«Сельская новь»  газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директор-Бас редакторы, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі С.Қалмұратов қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Обновлено 21.05.2015 15:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2069
mod_vvisit_counterКеше2161
mod_vvisit_counterОсы аптада4230
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда20860
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2272529

Серіктестер