Онлайн газет



ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫН ӨСІРУ ҚАЙТА ЖАНДАНБАҚ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Еңбек еткенге Жер-Ана еміренеді, тірлікке ұмтылғанды Жаратқан нәсіпсіз қалдырмайтыны анық. Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – өзімізде қант қызылшасын көп мөлшерде өсіру болып отыр. Еліміз 2020 жылға қарай қант қызылшасын  5 есеге дейін көбейтуді көздейді. Бұл мәселеге облыс, аудан басшылығы ерекше мән беріп отыр.
Байзақ елі әуелден қант қызылшасын өсірумен айналысқан аудандардың бірі. Сондықтан бұл дақыл бізге бейтаныс емес. Дегенмен, бұл мәселеге бүгінгі жаңашыл жағдаймен, бүгінгі мүмкіндікпен қарауымыз қажет. Биыл біздің аудан 1900 гектарға тәтті түбір өсіруді көздеп отыр.
Осы мақсатта аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бізге берген мәліметтеріне көз жүгіртсек, отандық өнім өндірушілерді қолдау мақсатында 2015 жылы аудан бойынша 1900 гектар алқапқа қант қызылшасын себу жоспарланып отыр екен. Бүгінге ауылдық округ әкімдерінің берген мәліметтері бойынша қант қызылшасына көтерілген сүдігер көлемі 1820 гектарды немесе 95,8 пайызды құрап отыр.
Қазіргі уақытта себілетін қант қызылшасының көлемін нақтылау мақсатында, сонымен қатар биылғы жылы ағын судың көлемінің аз болу болжамына сәйкес, шаруашылықаралық каналдардың басында көтерілген сүдігер көлемдері анықталып, шаруашылық жетекшілерімен қант қызылшасын егудің тиімділігі  туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күнге 1030 гектар алқапқа қант қызылшасы себіліпті. Атап айтар болсақ, Жаңатұрмыс ауылдық округіндегі «Ниет» шаруа қожалығы ((жетекшісі Н.Ниетбаева) 230 гектарға, оның ішінде, 100 гектары тамшылатып суғару технологиясымен, Суханбаев ауылдық округіндегі «Талап» шаруа қожалығы (жетекшісі М.Фазулов) 50 гектарға тамшылатып суғару технологиясымен, Түймекент ауылдық округіндегі «Достық-99» шаруа қожалығы (жетекшісі Б.Битабаров) 25 гектарға, Үлгілі ауылдық округіндегі «Яшар» шаруа қожалығы (жетекшісі Я.Бешли-Оглы) 50 гектарға, сонымен қатар, басқа да шаруа қожалықтары 1 гектардан 15 гектарға дейін қант қызылшасын себуде. 
Стратегиялық маңызы бар Отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қант қызылшасының көлемін арттыру қажеттілігі туындап отырған шақта мемлекет тарапынан да бірқатар көмек көрсету қарастырылып отырғандығын айта кету керек. Нақтылай кетер болсақ, қант қызылшасының 1 гектарына, себіліп өскін алынғаннан кейін 50 000 теңге субсидия төленеді. Алынған өнім «Қант» зауытына өткізілгеннен кейін, өткізілген әр тоннаға тағы да 2500 теңгеден субсидия төленбек. Ал, өз кезегінде қант түбірінің әр келісін «Қант» зауыты 13 теңгеден қабылдауға дайын екендерін жеткізген.
Дихан қауымының көкейінде жүрген бұл дақылға қатысты белгілі деңгейдегі сенімсіздік, алаңдаушылық сияқты сезімдерге байланысты аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының төмендегідей есебін шаруалар назарына ұсынуды жөн көрдік:
Мәселен, 1 гектар алқаптан 30 тонна өнім алған жағдайда 30 тонна х 2 500 теңге = 75 000 теңге субсидия өнім үшін. Оған 50 000 теңге алғашқы субсидияны қоссаңыз 125 000 теңге болады. Бұған қоса 30 тонна х 13 000 теңге =  390 000 теңге, барлығы 515 000 теңгені құрайды. Шамамен 1 гектарға 300 – 350 мың теңге жұмсаған болсаңыз, таза пайдаңыз 515 000 тг – 350000 тг = 165 – 215 мың теңге болады. Ал, әр гектардан алынған өнім көбейген сайын таза пайда да еселей түспек.
Ендігі міндет – сол межелі міндеттің үдесінен шығу. Үлкен меже жүктеліп отырған қант қызылшасын өсіру – уақыт талабы. Ендеше қызылшашылар мәселесі қашанда назарда болғаны жөн.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін156
mod_vvisit_counterКеше1609
mod_vvisit_counterОсы аптада9178
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда5085
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2256754

Серіктестер