Онлайн газет



Аудан әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерін қабылдады

С.Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

7-мамыр күні Елордамыз Астанада Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Елбасы, Жоғары Бас қолбасшы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілген әскери шеруді қалың жұртшылық теледидар арқылы тамашалап, газет-жорналдардан кеңінен мәлімет алғаны белгілі.
Кейбір деректер бойынша бұл әскери шеруге Қарулы Күштеріміздің әскери қызметшілері мен әскери техникасы рекордтық көлемде (нақтырақ айтқанда 5000-ға жуық әскери қызметші, 200 дана шамасында қару-жарақ пен әскери техника, әскери авиацияның 70 ұшағы мен тікұшағы) қатыстырылған.
Міне, сол көптен күткен айтулы тарихи шараға облысымыздан 17 соғыс ардагері арнайы шақыру алып, барып қайтқан болатын.
Үлгілілік Базарбай Қалдыбаев ағамыз сол бақытты ардагерлердің бірі. Егемен еліміздің төрінде дүркіреп өткен Ұлы Жеңіс мерекесінің бел ортасында болып қайтқан соғыс батырын өткен бейсенбіде аудан әкімі М.Шүкеев қабылдады.
Дәстүрлі аман-саулық, қос мерекелік құттықтаулардан соң қарт жауынгер Базарбай аға және ол кісінің өмірлік жолдасы, көп балалы ана Нағима апай (Астанадағы мерекелік шараларға ертіп жүруші ретінде бірге барып қайтқан) әсем Астана қаласын, орталық алаңда өткен әскери шеруді тамашалаудан, жалпы ұлы мерекеге орай ұйымдастырылған шаралардан алған ұмытылмас әсерлерімен бөлісе келе, осындай игі істерді қолға алып, жүзеге асырып келе жатқан Елбасыдан бастап, облыс, аудан басшыларына алғыс сезімдерін жеткізді.
Өз кезегінде аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы Базарбай ағамызға Елбасы атынан келген Құрмет грамотасының мәтінімен таныстырды, аудан жұртшылығы атынан құтты болсын айтып, ізгі тілегін білдірді.

Обновлено 20.05.2015 09:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін158
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7571
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3478
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255147

Серіктестер