Онлайн газет



Маңызды мәселеге арналды

Сейсенбі, 12 мамыр күні аудандық әкімшілікте бесінші сайланған Байзақ аудандық мәслихатының “Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау” жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі болып өтті.
Оны аталмыш комиссияның төрағасы Н.Тлепов ашып, жүргізіп отырды. Мәжілістің күн тәртібіндегі басты мәселе - ауданның 2014 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы мәселе бойынша аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Ж.Құмғанбаев баяндама жасады. Жұманғали Серікбайұлы бюджет қаражатының игерілу деңгейі жөнінде егжей-тегжейлі айтып бергеннен соң, мәжіліске арнайы келіп қатысып отырған Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Қарабаев ауданның 2014 жылғы бюджетінің атқарылуын сараптап, тиісінше нәтижелерін сөз етті.
Мұнан кейін жарыссөзге шыққан аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұлова,  сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т.Бибосыновтар  өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар, оған жұмсалған қаражат жайында айтып берді.  Соңында күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаулы қабылданды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін36
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7449
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3356
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255025

Серіктестер