Онлайн газет



ЕЛ ЕҢБЕГІН ЕСЕЛЕУ ЖОЛЫНДА

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Кеше, аптаның жұмасы күні аудан орталығындағы Сарыкемер орта мектебінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХVІІ конференциясы болып өтті.
Конференцияға «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі Ернұр Мадияров, аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарынан сайланған делегаттар, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері, сонымен қатар, аудандық бөлім мен мекеме басшылары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.
Конференция жұмысын басқаруды делегаттар төралқа мүшелеріне тапсырды.  Аталған жиынға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Тлепов төрағалық етті.
Конференцияның жұмысшы органдары сайланып, хатшылық, мандат және редакциялық комиссиялардың құрамына сайланған делегаттар өз қызметтеріне кірісті.
Конференцияның күн тәртібіне Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес, ауданда  шағын және орта бизнесті дамыту бойынша атқарған жұмыстары жөнінде аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы, партия мүшесі Досмұханбет Наурызбаевтың есебі мен  «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық  филиалының  кезектен тыс ХVI  конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер ұсынылып, бірауыздан бекітілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы, партия мүшесі Досмұханбет Наурызбаев баяндама жасады. Өз сөзін: «Қазақстан Республикасы Президенті, Елбасымыз Н.Назарбаев халыққа жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдайтыны бәрімізге белгілі. Биылғы жылы да біздерге жарқын болашаққа жол ашатын «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауды талқылап, оны өз өмірімізге жол бастайтын құрал есебінде күнделікті тіршілігімізде қолданып келеміз. Біздің істеп жатқан еңбегіміз, жеткен жетістіктеріміз соның айғағы десем жаңылыспаған болармын. Осы орайда, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жұмысына біраз тоқтала кетсем деймін»-деп бастаған Досмұханбет Қалмаханбетұлы осы салада атқарылып жатқан жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Конференция делегаттарының өкілеттіктерін бекітіп алу үшін хабарлама жасауға конференциядағы мандат комиссиясының төрағасы Ержан Абилдаев шақырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жасалған баяндамаларға пікір білдіріп, талқылау үшін жарыссөзге «Әулие-Ата- Феникс» ЖШС-нің директоры  Фарида Жүнісова, Қызыл жұлдыз  ауылдық округінің  әкімі Өсер Нұрбаев,  Мырзатай ауылдық округінің әкімі Нұрахан Абдуалиевтер шығып, өз салалары мен елдімекендерде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайын сөз етті.
Төраға Нұржан Сейдазымұлы күн тәртібіндегі екінші - «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХVI конференциясына делегаттар сайлау мәселесі бойынша партия Жарғысының 9.6-бабына сәйкес, аудандық партия ұйымының атынан делегаттар сайлануы керектігін, облыстық партия филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысымен бекітілген өкілдік нормасына сай, 290 партия мүшесінен 1 делегаттан сайлануы тиіс екендігін, делегаттардың тізімінің жобасы алдын-ала таратылып берілгендігін атап өтіп, тізім бойынша дауысқа салуды ұсынды.
Облыстық партия филиалының кезектен тыс ХVI конференциясына аудандық партия ұйымының атынан ұсынылған 17 делегат тізімге сәйкес бірауыздан сайланды.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХVІІ конференциясының қарауына ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданған соң партия Әнұраны орындалды.

Обновлено 20.05.2015 09:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін23
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7436
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3343
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255012

Серіктестер