Онлайн газет



Тіл мәртебесі - ел мәртебесі

Е.Аккулиев,
Байзақ аудандық сотының судьясы.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл – Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік рәміздерінің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген болатын. Бұл тұжырым мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің ертеңгі келешегін айқындаумен қатар оның әлі қоғамдық өміріміздің барлық саласында күнделікті қолданыс құралы бола алмай отырған бүгінгі жағдайын да көрсетеді.
Ата Заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тайға таңба басқандай айқын жазылған.
Тәуелсіздік жылдары қоғамның саяси-әлеуметтік саласында елеулі өзгерістер жүзеге асып, нарықтық қатынастар дамып, экономикамыз белгілі деңгейде қалыптасты. Демографиялық жағдай осыдан 10 – 15 жыл бұрынғы жағдаймен салыстыруға келмейді. Қазір қазақ ұлтының саны еліміздегі халықтың 63 пайызын құрап отыр. Мемлекеттік тіл  баяу болса да, Қазақстанды туған елім, өз жерім дейтін барлық этнос өкілдері мен диаспоралар үшін  қажеттілікке айналып келеді. Алайда, «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес» дегендей, бір өкініштісі - осыдан көптеген жылдар  бұрын мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілі әлі іс жүзінде өзінің осы шынайы мәртебесіне, керекті және жоғары деңгейіне толық жете алмай келеді.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
Әрине, елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Алайда, еліміз Қазақстан Республикасында тұрып жатқан барлық ұлт бір-бірімен барлығына жалпы тіл ретінде тек қазақ тілінде сөйлеулері қажет.
Ал қазақ тілінің мәртебесін көтеру - ол өзіміздің, яғни қазақ тілі жанашырларының, қазақ елінің, жерінің, отанын сүйгіш шынайы патриоттарының қолында десем артық болмас. Өйткені, біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін217
mod_vvisit_counterКеше1762
mod_vvisit_counterОсы аптада7630
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда3537
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2255206

Серіктестер