Онлайн газет



БӘРІ ДЕ МАЙДАН ҮШІН! БӘРІ ДЕ ЖЕҢІС ҮШІН!

М.Сүлейманов,
Қостөбе ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы.


Ақылбек Көшекбаевтың өмірбаяны, еңбектегі ерлік істері еліміздің тарихымен тығыз байланысты. Ол кісі өзі туралы былай деп айтып отыратын: “Алғашқыда өмірім қарапайым болатын. 1928 жылы Талдықорған облысында дүниеге келдім. Жанұямызда 5 бала болатын. Оның үшеуі әкем Көшекбаймен бір жылда 1932 жылы дүние салды. Ол өте қиын жылдар еді. Төрт жасымда әкемнен қалған мен шешем Сағын және үлкен апам Нұрсалимен күріш алқабында жұмыс істедік” - дегенінен-ақ ол кездің ауыртпалықтарын аңғаруға болады.
Ақылбек тізеден су, лай кешіп, шаң жұтып, ауыр жұмыс істегеніне қарамастан Мұқаншы орта мектебін өте жақсыға бітіріп шығады.
1941-1945 жылдары болған сұрапыл соғыс елімізге көп қайғы мен қиыншылықтар әкелді. Ақылбек Көшекбаев миллиондаған жасөспірімдер сияқты оқумен қатар күріш алқабында тынымсыз еңбек етті.
Бірде күріш қоймасында өрт шықты. Соғыс кезінде өнімнің әрбір түйірі өте қымбат екендігі белгілі. Осыны түсінгенАқылбек отпен алысып, күріштерді қауіпсіз жерге тасып, аман алып қалады.
-Иә, майданда жауынгерлеріміз жаумен арпалысып жатса, тылда да тынымсыз еңбек қыза түсті. Сағын апай сол кезеңдерде өрімдей жас балаларымен бірге, ауыл тұрғындарының қолдауымен 1,2 гектарға күріш алқабын егіп, одан 5-6 тонна өнім жинап, соғысқа аттандырып отырған. Әрине ол кезде техникасыз, қолмен күріш алқабын өңдеу оңай болған жоқ. Соқаларға бұқа, ат жегіп жер жыртады. Жас Ақылбек достары Хокчин Ким, Ахмед Шыныбаев, Сергей Давыдов, Славик Плонский және басқа да ауыл жастары, қыз-келіншектер күріш алқабын күтті, колхоз малын бақты, бие, сиыр сауды. “Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!” ұранымен аянбай еңбек етті.
Әсіресе, ұлттар арасындағы ұлы достастықты айтып жеткізу мүмкін емес. Сол халықтардың біріккен еңбегі, татулығы мен ауызбіршілігі, мейірімділігі арқасында Жеңіске жеткені мәлім.
Осы жеңіске алыстағы Мұқаншы ауылындағы көпұлтты отбасылар да өз үлесін қосты. Солардың бірі Ақылбек Көшекбаев - тыл жұмыстарының ардагері, ауылымыздың мақтанышы.
Соғыстан кейін колхоз басқармасы елеулі еңбегін ескеріп оған Абай атындағы КазМПИ-дің тарих факультетіне жолдама береді. Оқу оқып жүргенде талапты білімгердің Қазақстан тарихына қызығушылығы артып, осы салаға еңбек сіңіреді. Яғни, еліміздің тарихын зерттеуге үлкен үлес қосады.
Айталық сол кездегі “Отечественная история” студенттік газетінде редактордың көмекшісі, студенттер арасында факультет дәріскері, ғылыми экспедициялар жетекшісі болуы, Алматы және Мәскеудің мемлекеттік мұрағаттарындағы зерттеу жұмыстары - бәрі туған жердің тарихына деген сүйіспеншілігі еді.
Ол еңбек жолын 1950 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданындағы Аса ауылында Молотов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастады. Биік білімдарлық, ұйымдастырушылық қабілеті оны осы мектептің директоры дәрежесіне дейін көтерді. 1953 жылы ол осында қызмет ететін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мутипа Зулхашеваға үйленеді. Ал, 1954 жылы Свердлов ауданындағы Жамбыл қызылша совхозына ауыстырылып, мұнда жұмысшы жастардың кешкі орта мектебінің директоры болып тағайындалады. 1958 жылы оны Свердлов ауданындағы Крупская атындағы 8 жылдық мектептің директоры етіп сайлайды.
Ол басқарған аталмыш білім ошағы біліктілігі жағынан аудандық, облыстық көлемде алғашқы орындарды иеленеді.
1965 жылы ол Гоголь атындағы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызметке кіріседі.
Ақылбек Көшекбаев сонымен қатар жалпыадамзаттық құндылықтардың дамуына, көпұлтты мемлекетіміздің құқықтық қоғамының демократиялануы мен даму принциптеріне  көңіл бөле келе, 50-ден аса ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстар жазды. Әсіресе, оның облыстық “Ақ жол”, “Знамя труда” газеттерінде, қалалық “Жамбыл-Тараз”, “Щит”, аудандық “Ауыл жаңалығы”-”Сельская новь” басылымдарында жарық көрген туған өлкенің дамуы жайындағы “Біздің тарихи өлке- Қазақстан мақтанышы”, “Аңыздар”, “Ауылға бет бұрайық”, “Ежелгі Тараз - Төменгі Барысхан”, т.б. ғылыми-белсенді мақалалары тамыры терең тарихымыздан сыр шертеді.
А.Көшекбаев елеулі еңбек иегері, Байзақ ауданы, Талас ауылының Құрметті азаматы болумен қатар, өнегелі етіп өсірген 5 баланың әкесі, 8 немерінің атасы.
50 жылдан аса халықтың оқу-ағарту ісіне қызмет еткен, ҚР оқу-ағарту ісінің озаты және Қазақстан Республикасының аға оқытушысы А.Көшекбаев зейнетке шықса да қарап жатпай, ауылдағы жастардың тәлім-тәрбиесіне тиісінше үлес қосып, кейінгі буын ұрпақтарға өз тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Обновлено 20.05.2015 09:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін146
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5797
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1704
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253373

Серіктестер