Онлайн газет



Имандылық иірімдері

Жомарттық танытты

Қазiргi қоғамды қатыгездiктен, мейірімсіздіктен құтқаратын бiрден-бiр амал – иман. Бойымыздағы мiнiмiздi көрiп, бiр сәт Жаратушыға жақындай түсуiмiзге, қайырлы істерге баруға, осы арқылы Адам атты қастерлi болмысымызды жоғалтпауға үндейтін қасиеттің бірі-қайырымдылық десек қателеспейтін шығармыз.
Қайырымды тұлға-иманды жан. Рақымды, мейiрiмдi, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейдi. Арамызда  жаны жомарт, айналасына жәрдемдесiп, сауап iсте жарысып жүретiн абзал азаматтарымыз аз емес. «Қолы ашық адам – Аллаһқа, жәннатқа, адамдарға жақын” делінген екен.  
Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде арнаулы  әлеуметтік қызметімен қамтылған Сәнім Нышаналы Жібек жолы ауылының  тумасы.  №2-спорт мектебінде  қол күресінен дәріс беретін жаттықтырушы И.Жансақаловтың ерен еңбегінің арқасында ол үстіміздегі жылдың  наурыз-сәуір айларында Алматы қаласында қол күресінен өткен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз болып келген-ді. Сонымен қатар  Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен Азия чемпионатында  бірінші орынды иеленіп қайтқан Сәнім Нышаналыға  демеушілік танытқан аудан басшысы М.Шүкеев пен жеке кәсіпкер  Ш.Халиевтен үлгі алсақ артық болмас еді.
Қайырлы іске үлес қосты

Қайырымдылық жасау-имандылықтың  белгісі. Он екі  мүшесі сау әрбір адам  шамасы келгенше, қайырымдылық жасап, тағдырдың тауқыметiн тартып, оның қиыншылығын бастан кешiп жатқан жандарға жәрдемдесіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Берген қол, алған қолдан дәрежесi жоғары» деп, баршамызды  жақсылық жасауға, қолда барды бөлісуге үндейтіндігі сондықтан. Жақында Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі директорының бағдар алды оқу ісінің меңгерушісі Лаззат  Копишова өзінің жанұясы атынан  көмекке зәру адамдарға қайырымдылық көрсетуді өзінің азаматтық міндеті санап,  сарыкемерлік мүмкіндігі шектеулі Қуаныш Сыздықов  пен  Төлеп Туукубаевтарға  серуендік арбаларды табыс етті. Тағдыр теперішін көргендер өздеріне қамқорлық көрсеткен абзал ұстазға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Қиналған жандарға көмек қолын созып, олардың жүздерiне күлкi үйiрiп, жанарларын жайнатып, бiр сәттiк қуаныш сыйлаған  мәрт жандарға Алла тағала жақсылығын аямасын дейміз.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін251
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5902
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1809
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253478

Серіктестер