Онлайн газет



ЕРЛЕР ЕСІМІ ЕЛ ЕСІНДЕ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай, аудан аумағында көптеген іс-шаралар жүргізіліп, айтулы мереке кең көлемде аталып өтілді. Сондай шаралардың бірі Көптерек ауылдық округінде болып өтті. Кеңес ауылында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі күні, қан майданнан елге аман-есен оралып, бейбітшілік әлемінде еңбек еткен, ауылдың әл-ауқатының дамуына сүбелі үлестерін қосқан (марқұм) жерлестерге арналған «Ешкім ұмытылған емес, ештеңе ұмытылмайды» атты монументтік ескерткіш тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.
Ауыл әкімі Берікбай Рысқұлдың құттықтау сөзімен ашылған салтанатты шараға ескерткіш тақтаға есімдері жазылған майдангер аталардың ұрпақтары қатысты.
– Осы ауылдың ақсақалдары өздеріне бейбіт өмір сыйлаған әкелер рухына арнап ескерткіш тақта ашу туралы бастама көтеріп, ауылдастар қолдап, міне, сол біткен істің куәсі болып тұрмыз. Іс басында жүрген әрбір азамат өз туған ауылына иненің жасуындай  болса да жақсылық жасап жатса, нұр үстіне нұр,- деді өз сөзінде ауыл әкімі.
Жалпы осы ауылдан кешегі өткен сұрапыл соғысқа 207 азамат аттанып, оның 114-іне туған жердің топырағы бұйырмаса, 93-і елге аман оралған. Ардақты аталар бір минут үнсіздікпен еске алынып, ауыл имамы Есіркепбай қария марқұмдардың әруақтарына бағыштап құран оқыды. 
Ардагерлерге арналған ескерткіш тақтаны ашу құрметін ауыл әкімі Б.Рысқұл, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Ермағанбетов, еңбек ардагері П.Күсемісовтер жасап, ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қара мәрмәр тақтаға алтын әріптермен Кеңес ауылы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман-есен оралған 93 адамның аты-жөні ойылып, жазылыпты.
Аталмыш шарада  қан майданнан аман келіп, бейбіт өмірде қайтыс болған ардагерлердің ұрпақтары, аудандық ардагерлер кеңесі атынан оның мүшесі С.Ермеков және ауыл ардагерлері ретімен сөз алып, жиылған жұртты мерекелерімен құттықтап, жылы тілектерін арнады.
Сонымен қатар, шара кезінде бірқатар еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Мереке барысында «Ақ әжелер» тобы мен Кеңес орта мектебінің өнерпаз оқушылары әсем ән, тәтті күйлерін, билерін қонақтарға тарту етті.
Шара соңында ас беріліп, футбол, тоғыз құмалақ, волейбол, арқан тарту, көкпар сынды спорттық ойындарға ұласты, жеңімпаздар марапаттарға ие болды.
Барша ауылдастарды шексіз қуанышқа кенелткен ескерткіш тақта ел тарихының бір парағы болып қалатынын, оны кейінгі ұрпақ көздің қарашығындай сақтап, күтіп-баптап ұстайтындықтарына сенім білдіріп тарасты жұрт.

Обновлено 14.05.2015 11:32
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1152
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада5245
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1152
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2252821

Серіктестер