Онлайн газет



Еңбек Ардагерлері бақ сынасты

М. Көбеева,
аудандық  әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің әдістемелік  бөлімінің   меңгерушісі.

Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығын құрмет тұтамыз. Әсіресе, еліміздің  бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қолына қару алған  ер-азаматтар, бүгінде арамызда жүрген   ардагерлер - соғыстан кейінгі күйреген экономиканы қалпына келтіруде қажырлылық танытты.  Ерлік  пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен  соғыс ардагерлерінің бойына күш-қуат берген  соғыс жылдарындағы  патриоттық әндер мен ақын жырларын насихаттау мақсатында аудандық  әл-Фараби  атындағы мәдениет үйінің ұйытқы болуымен  “Қайран ерлер, Қаһарман ардагерлер!” атты  аудандық байқау өткерілді.
Өнер сайысына 18 ауылдық округтен 16 ардагер қатысты. Байқаудың ашылу салтанатында аудандық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов сөз сөйлеп, Жеңіс күнімен құттықтай отырып, үміткерлерге сәт-сапар тіледі. 
Өнер додасына  қатысқан ардагерлер соғыс жылдарындағы әндер мен сол жылдардағы немесе соғысқа арналған ақын өлеңдерін жатқа оқудан сынға түсті.
Әділқазылар алқасының  шешімі бойынша  екі шартта да үздік өнер көрсеткен мырзатайлық Тұрсынкүл  Жүнісбаева  бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Жаңатұрмыс ауылдық округінен қатысқан Жеңіс Қазыбаев ақсақал имеденді. Екі үшінші орынды Суханбаев ауылдық округінен қатысқан Дина Жанпейісова мен ынтымақтық  Баян Медеуова өзара бөлісті. Ынталандыру жүлделеріне сарыкемерлік Орынкүл Кенжебекова, түймекенттік Күнтуған Ақназаров, бурылдық Қуандық Абиров ие болды.
Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды.Сондай-ақ барлық қатысушыларға Алғыс хаттар беріліп, ескерткіш ретінде сый – сыяпаттар табыс етілді.

Обновлено 14.05.2015 11:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін35
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5686
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1593
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253262

Серіктестер