Онлайн газет



Жеңіс мерекесі ұлықталды

Өткен аптаның сенбісінде Дихан ауылдық округінде 9-мамыр Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынға тыл ардагерлері, ауыл ақсақалдары, қонақтар қатысты.Шара Ленин атындағы мектептің әскери дайындық пәнінің мұғалімі Қ. Ауғанбаевтың басшылығымен жоғары сынып оқушылары сапта жүріп ән айтудан басталды. “Ер есімі-ел есінде” атты ескерткіш маңына жиналған  ауыл тұрғындары  алдында  ауыл имамы Әбідқұл қажы  Ұлы Отан соғысында қаза тапқан  боздақтарға  құран бағыштады.  Ескерткішке гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздікпен еске алды. Ауыл әкімі   О. Ақылбаев пен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Бейсенбеков,  еңбек ардагері Д.Дүбіралиев жиналғандарды айтулы мерекемен  құттықтап,  жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Мәдениет үйінің меңгерушісі М.Мамыраймованың ұйытқы болуымен “ Отты жылдар шежіресі” атты  іс-шара өткерілді. Жүргізушілер Н.Үсенов пен Ж.Ахметова   Ұлы Отан соғысының тарихына шолу жасай отырып, белгілі ақындардың жырларын төгілтіп оқыды. В.И.Ленин атындағы орта мектебі  ұжымының орындауында  соғыс жылдарындағы әндер шырқалды.  «Отты жылдар шежіресі» атты көрініс көрсетілді. Әсіресе, «Еркетай»   балалар бақшасының  ұжымы   сахналаған «Бәрі де жеңіс үшін»  қойылымы  көпшілік көңілінен шықты.  «Балауса» би үйірмесінің орындауында  «Шаттық», «Өзбек» билерімен С.Левчуктің домбырамен орындаған «Асыл әжем», «Ана жүрегі», Н.Үсеновтың шырқаған «Катюша», «Қазақстан»,  жас әншілер   Шахзада мен Ханзада Орынбаевалар әуелете салған «Ариайдай», «Бұлқынды жүрек» әндері мереке ажарын келтірді.
Көпшілікке арналып жайылған дастархан басына жиналған тыл еңбеккерлері  өздеріне көрсетілген қошеметке алғыстарын жеткізіп жатты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін89
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5740
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1647
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253316

Серіктестер