Онлайн газет



Спорт жаңалықтары

Еркін күрес балуандары белдесті

Ұлы Жеңістің 70 жылдығының құрметіне Сарыкемер ауылындағы Ж.Үшкемпіров атындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйытқы болуымен Жетібай ауылындағы Жамбыл орта мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері Рахымжан Мамыралиевтің жүлдесіне арналған еркін күрестен ашық біріншілік болып өтті. Оған ауданымыздағы ауылдық округтерден 2000-2001, 2002-2004, 2005-2007 жылдары туылған жүзге тарта жасөспірім қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы  Ә.Омаров,  Жетібай ауылының әкімі С.Медеубеков, Жамбыл орта мектебінің директоры Р.Жұмасаевалар  жұртшылықты Жеңістің 70 жылдығымен құттықтаса, ҰОС ардагері, қазыналы қария Р.Мамыралиев Елбасы бастап, ауыл ағайындарының жасап жатқан қамқорлықтарына дән риза екендігін айтып жеткізді.
Спорттық шарада «Аққу» би тобы өнер көрсетсе, еркін күрес балуандары белдескен доданың жүлделі І орынын  Ж.Үшкемпіров атындағы №1 БЖСМ-нің тәрбиеленушілері 35 кг салмақтағы жетібайлық А.Өтеғұлов, 27 кг салмақтағы І.Тунатаровтар жеңіп алды. Осы және өзге де жеңімпаздарға жарысты ұйымдастырушылар тарапынан Дипломдар мен сый-сияпаттар табыс етілді. Осы аталған жарысқа оқушыларды аз уақыт ішінде баптан-дайындаған еркін күрес бөлімінің жаттықтырушысы Жомарт Келгенбаев.

А.Суханбаев  атындағы  турнир мәресіне жетті

Ер есімі ел есінде. Әсіресе, небәрі 24 жасында Отанын қорғауға аттанған, Беллоруссия, Литва, Польшаны азат етуге атсалысқан және «Стежельцовизна» деп аталатын поляк деревнясы үшін болған ұрыста А.Матросовтың өшпес ерлігін қайталаған, жерлесіміз А.Суханбаевтың ерлігін кейінгі ұрпақ үлгі-өнеге тұтады.
Міне, сол себепті де батыр туып-өскен өлке жұрты жыл сайын түрлі іс-шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орайластырылып өткерілген Кеңес Одағының батыры А.Суханбаев атындағы турнир өз мәресіне жетті.
Аудандық «Жастар орталығы» КММ-нің демеушілігі негізінде және Суханбаев ауылдық округі «Жастар орталығының» нұсқаушысы Дастан Абишевтің мұрындық болуымен  Жақаш ауылында өткізілген дүбірлі жарыста футбол, волейбол және арқан тарту сынды спорт түрлерінен ойын көркі қызды.
Нәтижесінде футбол ойыны бойынша жүлделі І орынды алаң иелері «Суханбаев» құрама командасы жеңіп алса, ІІ, ІІІ орындар Жамбыл ауданынан келген Аса, байзақтық Бурыл командаларына тиесілі деп танылды. Ал, волейболдан І орынды Жуалы ауданының «Б.Момышұлы» командасы қанжығасына байласа, ІІ, ІІІ орындарды Сарыкемер, Мәдімар ауылының ойыншылары місе тұтты.
Ұлттық спорт түрі – арқан тартудан да «Суханбаев» командасы алғы шептен көрінді. Қарасу, Сарыкемер ауылының ойыншылары өзара ІІ, ІІІ орындарды бөлісті.
Сонымен, Кеңес Одағының батыры Ақәділ Суханбаев атындағы турнирдің бас кубогі «Суханбаев» құрама командасының жаттықтырушысы Дастан Қуанышбаевқа табысталды. Жеңімпаздарға және «Үздік төреші», «Үздік ойыншы» номинацияларының иегерлеріне «Жастар орталығының» атынан бағалы сыйлықтар үлестірілді.
Марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген  Суханбаев ауылдық округінің әкімі М.Өзбеков, ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасының орынбасары Б.Байтелиевтер баршаны мерейлі мерекелермен  құттықтап, спорттың адам денсаулығына тигізер ықпалы жөнінде әңгімеледі.
Іс-шара соңында ауыл әкімшілігінің ұйымдастыруымен Жеңістің 70 жылдығына орай арнайы дастархан жайылып, одан үлкен-кіші  дәм татты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін737
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада737
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7249
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258918

Серіктестер