Онлайн газет



КӨШБАСШЫ ОҚУШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Б. Жақсымбетов,
“Ауыл жаңалығы”.

Жақында Сарыкемер орта мектебінде аудан деңгейіндегі көшбасшы оқушыларды байқау кеші болып өтті. Кешті аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев ашып, бүгінгі таңда елімізде өсіп келе жатқан  өскелең ұрпаққа жасалып жатқан қамқорлықтарды айта келіп, білімді де білікті азамат-ел тірегі екендігін сөз етті. Бұдан соң «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры Ғ.Сыздықбаева, «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» директоры А.Байтуков, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенова сөз сөйледі.
Ауданымызда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Жыл оқушысы-2015» байқауы ертеңгі өз білімін өмірімен байланыстыра алатын, жауапкершілігі жоғары, жігерлі, өз Отанының игілігі мен дамуы үшін білім алып, қызмет ететін көшбасшы оқушылардың ішкі ұмтылысын қолдау барысында аудандық білім мекемелерінен қатысқан зерек оқушылар өзара білімдерін сарапқа салды.
Байқау нәтижесінде бас жүлдені Пірімқұлова Әсем (Сарыкемер орта мектебінің 10-сынып оқушысы) жеңіп алды.
Екі бірдей I-орынды Есимов Нарбек (Жамбыл орта мектебінің 8-сынып оқушысы), Жанұзақ Мәди (Сарыкемер орта мектебінің 6-сынып оқушысы) иемденді.  II-орынды Мусанова Нуризат пен (Абай орта мектебінің 9-сынып оқушы) Ян Карина (Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп гимназиясының 7-сынып оқушысы), ал, III-орынды Балпанқұл Бекасыл (Түймекент орта мектебінің 7-сынып оқушысы), IV- орынды Турсынова Аружан (Абай орта мектебінің 9-сынып оқушысы) қанжығасына байлады.
Барлық жеңімпаздарға құрмет көрсетілді.

Обновлено 14.05.2015 11:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін802
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада802
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7314
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258983

Серіктестер