Онлайн газет



“Қазақстан Республикасына қызмет етемін!”

Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы аудан аумағында орналасқан әскери бөлімдерде және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде қызмет атқарып жүрген басшылық және жеке құрамдағы бір топ әскерилерді қабылдап, құрмет көрсетті.
Арнайы қабылдауға шақырылғандар қатарында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы подполковник Қ.Бошай, №40336 әскери бөлім командирі подполковник Н.Керімбеков және №28349 әскери бөлім командирінің орынбасары Қ.Орынбековтер бар басшылық және жеке құрамдағы қызметкерлермен тілдескен аудан басшысы Отанды, ел тыныштығын қорғау әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы екендігі, әскерилерге жүктелген міндет пен артылған үлкен сенім, Елбасы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы тарапынан бүгінгі заман сұранысына сай қойылып отырған жоғарғы талаптың маңыздылығы жайында әңгіме өрбіте келе, өте жауапты да абыройлы қызмет иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтаумен қатар, айтулы датаға орай, марапаттау рәсіміне кірісті.
Сонымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Қ.Бошай аудан әкімінің құттықтау қағазымен, ҚР Қарулы Күштерінің қорғаныс саласындағы үздік әскери қызметі үшін №40336 әскери бөлімінің командирі, подполковник Керімбеков Нұрғали Рахымжанұлы және №28349 әскери бөлімінің командирі, полковник Эльчибаев Арман Ағатанұлы аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жұмылдыру дайындық және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы Ахметов Рустам Мырзабекұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскерге шақыру және әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша іріктеу бөлімшесінің басшысы – Ерсейтов Тұрсынәлі Әбиірұлы, 40336 әскери бөлімше басшысы, аға лейтенант Трамова Роза Юсупқызы, 40336 әскери бөлімінің күзет бөлімшесінің аға сарбазы Сыздықов Дулат Даулетұлы, 28349 әскери бөлімінің тахникалық бақылау пунктінің басшысы, сержант Мамырбаев Ақболат Серікұлы, 28349 әскери бөлімінің автомобильдік взводының  автомобиль бөлімшесінің жүргізушісі аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.05.2015 12:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін812
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада812
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7324
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258993

Серіктестер