| Тұрмысы төмен отбасыларына жеңілдетілген бағамен ұн сатылуда |
|
Үстіміздегі жылдың 26 шілдесінде Жамбыл облысы әкімдігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі және “ҚазАгро” Ұлттық компаниясы араларында “Жамбыл облысын азықтық бидаймен қамтамасыз ету жөнінде ” Меморандум қабылданған болатын. Осы Меморандумға сәйкес Жамбыл облысы үшін қосымша құнын қоса есептегенде әр тоннасы 28000 теңгеден, ай сайын 6,8 мың тонна үшінші класты азық-түлік бидайға (барлығы 82,3 мың тоннаға) квота белгіленген, оның ішінде Байзақ ауданына 166 тонна бөлінген болатын.
Бүгінгі таңда халыққа тұрақтандыру қоры арқылы бөлінген арзан астықты тасып ауданға әкелу, келгеннен соң ауылдық округтерге жеткізу жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қараша айында Сарыкемер ауылдық округіне қарасты Сарыкемер, Қосақ, Базарбай елдімекендерінде тұратын мыңға жуық тұрмысы төмен, орта және көпбалалы жанұялар арзандатылған ұнды алып, шынайы қамқорлықты сезінуде. Ауыл шаруашылығын тұрақтандыру қорынан бөлінген ұнды арзан бағамен сатумен жеке кәсіпкер С. Ақылбаева шұғылданып, тұрғындарға қолдан келгенше қызмет көрсетуде. - Дүкендерде бір қапта ұнның бағасы 3800 бен 4500 аралығында тұрады. Жеңілдетілген бағамен үкімет тарапынан беріліп жатқан ұнды алып қуанып қалдық. Ел тізгінін ұстап отырған азаматтар әрдайым қолдауды қажет ететін отбасыларға көрсетіп отырған қамқорлығына аналық алғысымызды айтамыз,- дейді ағынан жарылған көпбалалы аналар. Мұнымен қатар аудан көлемінде жергілікті халыққа нан пісіріп сату ісі ұйымдастырылып, барлық ауылдық округтерде жеңілдетілген бағамен ұн сатылуда.
Байзақ ауданы. Фото А.Алдабергенов.
|
| Обновлено 24.11.2012 13:02 |
Халыққа жолдау










![]() | Бүгін | 2069 |
![]() | Кеше | 4321 |
![]() | Осы аптада | 2069 |
![]() | Өткен аптада | 28488 |
![]() | Осы айда | 57014 |
![]() | Өткен айда | 126502 |
![]() | Бәрі | 3700282 |
Серіктестер













