Онлайн газет



Ардагерлерге облыс әкімінің сияпаты табысталды

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс тарих бетінен ешқашан ұмытылмайды. Сұрапыл соғыс азабын тікелей көріп, бел ортасында болған майдангерлер мен тылда еңбектің көрігін қыздырғандарға құрмет көрсетіп, қамқорлыққа алу бүгінгі ұрпақтың парызы деп білеміз.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында  аудан әкімі М.Шүкеев 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған тұста,  Брест қорғаны үшін болған қиянкескі шайқаста ерлік көрсеткен соғыс ардагері  Иманқұл Жақсығұловтың   отбасында болып, майдангерге  “Нұр Отан” партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан  Байбектің   Құттықтау хатын, облыс әкімі К.Көкірекбаевтың  Құттықтау хаты мен азық-түлік өнімдері салынған себетін табыстады.
Сонымен қатар аудан басшысы Мұратхан Жүнісәліұлы аудан аумағында тұрып жатқан  соғыс ардагерлері  Орахат Бегілдаев, Үсен Тағаев,  Базарбай Қалдыбаев, Иван Григорьевич Дужинский,  Манапбек Қадыров,  Сауытбек Рыспаев,  Рахымжан Мамыралиев, Мәдібек Мақұлбеков,  Бахы Рустанбеков, Өнербай Молдабаевтарға да осындай құрмет көрсетілетіндігін айтты.  Батагөй қарияға  аудан әкімдігі білім бөлімінің мұрындық болуымен  жарыққа шыққан “Ардагерге мың тағзым!“ атты  кітапты табыстай  отырып, аталмыш  кітапта бүгінгі таңда  арамызда жүрген соғыс ардагерлерінің ерлік істері жазылғандығы туралы айтып берді.
Қарт сарбаз  өздеріне көрсетіліп жатқан қамқорлықтарға  ризашылықтарын білдіріп, соғыс жылдарынан естеліктер айтты. Елбасынан бастап, облыс, аудан басшыларына өздерін құрметтеп жатқандықтарына  алғысын айтып, батасын берді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.05.2015 12:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін606
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада606
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7118
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258787

Серіктестер