Онлайн газет



Ардагерлер

Қайыпназар Шотбасов.

Кешегі жас өрімдер, мол армандар,
Ерлікпен елге қорған бола алғандар,
Жастығы қан майданда тоналғандар,
Соғыстан жеңімпаз боп оралғандар.

Қан кешіп, оқ көргендер, от көргендер,
Тағдырдың тауқыметін көп көргендер.
Өмірін айқастармен өткергендер,
Ұрпағын мақсатына жеткергендер.

Айбыны халқымыздың ардагерлер,
Өртіне сұм соғыстың жанған ерлер.
Қаймықпай қамалдарды алған ерлер,
Батысқа жауды қуып барған ерлер.

Борышын олар адал атқарғандар,
Сұранып майданға да аттанғандар.
Бақытын еңбегінен тапқан жандар,
Солармен жарқын бүгін атқан таңдар.

Көрініп алғы саптан, алғы көштен,
Қайтпаған қайсар ерлер сан күрестен.
Шықпайтын батырлығы мәңгі естен,
Қайыспас қаһармандар қанды кешкен.

Басылмас бойындағы жанған ұшқын,
Бітірер бәрін қолға алған істің.
Ұрпағы Қобыланды мен Алпамыстың,
Қорғаны, қорғаушысы ар-намыстың.

Өздері ақсақалдық үлгісіндей,
Күрескер қартайса да бір кісіңдей.
Ардагер атағына кір түсірмей,
Қолынан намыс туын жүр түсірмей.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін607
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада607
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7119
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258788

Серіктестер