Онлайн газет



«Отан үшін от кешкен» кітабы оқырманға жол тартты

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Халқымыздың елдік болмысы мен ерлік қасиеті сынға түскен қаһарлы сынақтың бірі - 1941-1945 жылдары адамзат баласына өлшеусіз қасірет әкелген Ұлы Отан соғысы болғаны мәлім. Соғыс жылдары майдан мен тылда кеңестік патриотизм шырқау шыңына жетіп, елдік мақсатқа жұмылдырды.
Міне, осынау Ұлы ерлікке құрмет ретінде, Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жарық көрген Ұлы Отан соғысы жайлы тарихи деректері бар «Отан үшін от кешкен» кітабы оқырманға жол тартты. Оны Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасымен Түймекент елдімекенінде тұратын әдебиет жанашырлары Мұрат Уразбаев пен Шынболат Мамановтар құрастырып, жазған.
Әрине әдеби туындының әдемі болып қатталып, қалың кітап болып шығуы оңай шаруа емес. Осындайда оларға демеушілік жасаған  азаматтардың да бар екенін айта кету ләзім.  Түймекент орта мектебінің директоры Ш.Қапарова, жеке кәсіпкерлер Б.Битабаров, Ә.Биназаров, Қ.Егембердиев, Ұ.Дербісалиев, Қ.Исмаилов, М.Жұматаев, Ж.Әлмаханов және «Қазақстан теміржолы» Ақ экономисті Е.Аяпбергенов пен Абай атындағы гуманитарлық колледж директоры А.Биназаровтар өз қолдауларын білдірген.  Ал, мәліметтерді жинақтауға Байзақ ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Тәуірбек Әшімов, өзге де жекелей азаматтар атсалысқан екен.
Кеңес Одағының батыры Ақәділ Суханбаевпен Түймекент ауылдық округінен Ұлы Отан соғысына қатысқан  жауынгерлер ғұмырнамасы, өшпес ерлігі көрініс тапқан әдебиеттің кейінгі буын жастар үшін өнегелік мән-маңызы зор.
Айта кетерлік жәйт, осы мазмұндағы тарихи туынды бұған дейін Ынтымақ елдімекенінде ұйымдастырылса, сиясы кеппеген жаңа кітап «Ерлер есімі – ел есінде» атымен Үлгілі ауылы азаматтарының ұйытқы болуымен баспадан шығарылып әкелінді.
Отан үшін от кешкен жандардың өшпес ерлігіне арналған мұндай кітаптар өзге де ауылдық округтерде қолға алынып жатыр.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1003
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада1003
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7515
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259184

Серіктестер