Онлайн газет



ЕЛБАСЫ ЖЕҢІСІ – ХАЛЫҚТЫҢ ЖЕҢІСІ

Рыскелді Сапарбеков,
мәслихат депутаты, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.

Жуырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне қатысып, егеменді еліміздің абыройын асқақтатар тағы бір тарихи маңызды оқиғаға куә болдым.
Елбасының Қазақстан халқына ант беру сәті елдіктің салтанатындай әсерге бөледі. Мұны жалғыз мен ғана емес, барша қазақстандықтар асыға күткені шындық. Сөйтіп, егемен еліміз Елбасын ұлықтау рәсімін бастан өткерді. Мұның өзі Қазақстанның демократиялық және саяси дамудың даңғыл жолымен өркениетті елдер қатарына еркін енгенінің айқын мысалы.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзін тыңдап, болашағымыз бұдан да нұрлы болатынына сенімім нығая түсті. Мемлекет басшысы сайлаудың бірлігіміздің қуатын паш еткеніне тоқтала келіп, елдің әрі қарай дамуының төңірегіндегі бірқатар сыртқы ықпалдарды да атап өтті. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Нұрлы Жол» бағдарламасын, бес халықтық реформаны жүзеге асыруды жалғастыра отырып, жаңа белестерді бағындыруға бағыт ұсталып отырғанына көзім жетті. Ұлықтау рәсімінен өркендегенімізді, өскенімізді аңғардым.
Елбасы мен ел бірлігінің мерейлі сәті біздің әрқайсымыздың көңілімізде мәңгілік орнығып қалары сөзсіз. Бұл – біздің ортақ қуанышымыз, болашағымыздың бастау бұлағы.
Салтанатты ұлықтау рәсімі өте жоғары деңгейде өтті. Біз Астанадан шабыттанған күш жігермен оралдық. Татулығы жарасқан айбынды халық бұл жолы Елбасына деген ыстық ықыластарын шын жүректерімен жеткізе білді. Алда енді қыруар міндеттер мен алға қойған бағдарламалар күтіп тұр. Ауданымыз еңбеккерлері өздеріне міндеттелген жүкті үлкен абыроймен атқара алады деген үміттемін.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін742
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада742
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7254
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258923

Серіктестер