Онлайн газет



Жаны таза Жапар аға

Қ.Нарбатыр,
Байзақ ауданының Құрметті азаматы.

Күллі әлемді күркірете күңірентіп өткен, дүниежүзілік соғыстан кейін ел тұрмысының еңсе түзеуіне есті, парасатты ерлердің еңбегі мейлінше молынан сіңді. Сол ауыртпалықты кезеңде қайраткерлік сапада байқалып бар күш-жігерімен жұртқа ортақ жұмыстың жандануына өз ықтиярымен үлес қосып, осы таза ниетін сақтаумен өмірінің соңына дейін ізгі істердің іргесін нығайту мақсатын орындап кеткен Жапар Дидарбековтың жарқын дидары жалпының көз алдында тұр деп ойлаймыз. Болмысына біткен биік өре, терең ой жетегінде еңбекті сүю арқылы ел жақсысы атанған Жапар ағамыз кесек мінездің адамы еді, тура сөйлеудің ту ұстаушысы еді десек бұл сөзімізді ешкім артық көрмес.
Ауданымыздың алдыңғы қатарлы абыройлы ақсақалы Ж.Дидарбеков өткен ғасыр ортасындағы қанқұйлы соғысқа қатысқан, Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан майдангердің нағыз өзі болатын.
1925 жылы ауданымыздағы Ленин атындағы ұжымшарда дүниеге келген Жапар ағамыз 1942 жылы Кеңес Армиясы қатарына алынып, бірінші, үшінші Белорус және бірінші Украина майдандарына қатысқан. «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен көптеген медальдар иесі Жапар Дидарбеков елге 1948 жылы оралып, алғаш колхозшылар қатарында  еңбектенсе, кейінірек аудандық «Колхоз жолы»  қазіңргі «»Ауыл жаңалығы» -«Сельская новь») газетіне қызметіне тұрады. Мұнда ол қатардағы қызметшіден, жауапты хатшы, редактор лауазымына өсті.
1954-1958 жылдар аралығында жоғары оқу орнын журналистік мамандық бойынша бітіріп шықты. Арлылық пен тазалықты нық ұстанған Ж.Дидарбеков аудан көлемінде бірсыпыра жауапты қызметтерде жүріп өзінің қарым-қабілетімен ел ықыласына бөленді.
Өзі туып-өскен ұжымшарды табан аудармай 15 жылдың жүзінде басқарып, осында көптеген игілікті істердің жүзеге асуына ұйытқы болды. Ауданның ауылшаруашылығы саласында 25 жылдан астам тер төккен ол, ейнетке шыққан соң ауданның қоғамдық саяси өміріне белсене араласып, 1989 жылдан 2004 жылға дейін ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
Байзақ елінің мақтаныш көретін тұлғаларының өмір, еңбек жолдарын зерттей қаттап «Өрені өскелең Байзақ өңірі» атты танымдық кітапты дүниеге шығарып, жұрттың көңілін тапқаны да шындық.
Байзақ ауданының Құрметті азаматы Жапар аға өз ұрпағына әкелік тәрбиесін молынан бере алған тұлға. Оның ұлы Керімжанның атақоныстары Аймантөбе ауылына имандылық ұясы – мешіт салып беруі әке тәрбиесінің жемісі екендігіне бір дәлел.
“Жақсының аты өшпейді” демекші бір адамға тиісті мехнатты да, жақсылықты да көріп дүниеден өткен соғыс ардагері,  Қазақстан Қарулы Күштерінің запастағы майоры Жапар Дидарбеков есімі ел аузында жылы лебізбен атала береріне сенімдіміз.

Обновлено 12.05.2015 18:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін717
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада717
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7229
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258898

Серіктестер