Онлайн газет



Елбасымен мақтанамыз

Ә. Момбаев,

“Байзақ таза ауыл” жауапкершілігі

шектеулі серіктестігінің директоры.

Қай халық үшін де тәуелсіздік – қастерлі ұғым.Өйткені тәуелсіздіктің жолы қиындыққа толы болатындығы тарихтан белгілі. Халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан

кешті, осы ауыртпалықтың бәрін қара нардай көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманға ұмтылды.

Егемендік – ғасырларға созылған күрестің жемісі. Ата-бабаларымыз тек жоңғар шапқыншыларымен ғана тәуелсіздік үшін үш жүз жылдай соғысты.Осы жеңістердің басында ер Есім, Қасым, Әз Тәуке, айбынды А б ы л а й с ы н д ы х а н д а р ы м ы з , Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Қарасай, Сеңкібай бастаған баһадүр батырларымыз, Төле, Қазыбек, Әйтеке билер бастаған данагөйлеріміз тұрды. Тарихтың әр кезеңінде тәуелсіздік жолындағы күресте халықты Кенесары хан, Сырым, Исатай, Махамбет батырлар, Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Ораз Жандосов, Міржақып Дулатов сынды халқымыздың асыл перзенттері басқарды. Одан кейін Ұлы Отан соғысының қан майданында мыңдаған бауырларымыз өшпес ерлік пен елдіктің, қаһармандық пен батырлықтың үлгісін көрсетті.

Тәуелсіздік жолындағы күрестің соңғы сатысы – 1986 жылғы Алматыда болған желтоқсан көтерілісінда қазақтың ұл-қыздары ерліктің ерен үлгісімен дараланды. Жаңа дәуір 1991 жылдың 16 желтоқсанынан басталды. Тәуелсіздіктің сын сағаттарында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нар жүгін мойымай көтеретін білікті қайраткер, дана саясаткер ретінде елімізді сеніммен алға бастады. Елбасымыз халқының үмітін ақтап, дербес, егеменді Қазақстан мемлекетінің негізін қалады.

Бүгінде еліміз өтпелі кезеңнен сүрінбей өтіп, дамудың даңғыл жолына түсті. Тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай белгіленіп, мемлекеттік р ә м і з д е р і м і з, А т а З а ң ы м ы з, ұ л т т ы қ валютамыз өмірге келді. Сарыарқаның төсінен Астана қаласы бой көтеріп, бүгінде е л м а қ т а н ы ш ы н а айналды.

Тарих - т ө р е ш і , з а м а н - с ы н шы, қоғам-мінші, халық-таразы. Шындығында д а Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Н а з а р б а е в т ы е л д і ң б і р л і г і н , К о н с т и т уц и я н ы ң , адам мен азаматтың қ ұ қ ы қ т а р ы м е н бостандықтарының қорғалуын қамтамасыз еткен, жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаған рухы мықты, Отанын, халқын шексіз сүйетін керемет кемеңгерге теңеймін. Осы жылдың ішінде Қазақстан халқын бір шаңырақ астында бауырластырып, олардың әрқайсысына туған тілін, дінін, мәдениетінің гүлденуі мен ұлт ретінде ұйыса дамуына мүмкіндік туғызған Елбасы жаңа заманның тарихын жасап, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, халқын ұлы істерді атқаруға жұмылдырып келеді.

Ұшы - қиыры шексіз Қазақстан мемлекеті құдіретті елге, ал Астана әлем төріне айналды. Бұрында Қазақстан деген мемлекет немесе қазақ деген халық туралы естімеген алпауыт елдердің бәрі бүгінде Астанаға көз тігіп, өмірге енді қадам басқан жаңа мемлекеттің жетістіктеріне қызыға қарайды. «Елімізді төрткүл дүниеде терезесі тең, еңселі жұртқа, абыройы асқан айбынды елге айналдыру – менің өмірлік те өршіл мұратым» деп алдына ұлы мақсат қойған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы арманына қолы жеткен, елін сүйген, елі қадір тұтқан білгір саясаткер. Сондықтан қазақстандықтар Елбасымен мақтанады, оны құрмет тұтады, өмірге келген сәбилерін оның есімімен атайды.

1 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Перзидентінің күні. Бұл күн-жылнамамыздағы тарихи күн болып саналатындықтан, бүгінгі ұрпақ Елбасының елі үшін жасаған ұшан- теңіз ерен еңбегін құрметтей білуі қажет деп білемін.

 

Обновлено 26.11.2012 09:55
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1055
mod_vvisit_counterКеше2697
mod_vvisit_counterОсы аптада6421
mod_vvisit_counterӨткен аптада25816
mod_vvisit_counterОсы айда36330
mod_vvisit_counterӨткен айда152172
mod_vvisit_counterБәрі3566571

Серіктестер