Онлайн газет



Атамды мақтан тұтамыз

Гүлназ, Ерназ Тұрғынбековтер,
Н.Киікбаев атындағы орта мектебінің  оқушылары.

Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына 70 жыл толды.  Бүгінгі ұрпақ соғыстың    зардабын осы тақырыпқа арналған  кинофильмдер көріп,   ақын-жазушылардың шығармалары арқылы  білдік.  Біздің сыныпта оқитын оқушылардың  аталары   майданда   жаумен шайқасса,  әжелері тылда еңбек еткен белгілі. Сондықтан біздер де  майдангердің ұрпағымыз деп айтуға болады.
Атамыз  Тұрғынбек Бошқаев  ауданымызға қарасты  Дихан-1 ауылында қарапайым шаруа отбасында дүниеге келген.  Буденовка орта мектебінің 9-сыныбын бітірген соң,  1941 жылдың күзінде, әскер қатарына шақырылған. 1942 жылы майданға аттанып, 103-інші дивизияның құрамында соғысқа кірген. екен. Украинаның Житомир, Луковицы, Ростов, Орловск қалаларын жаудан азат ету жолында шайқасқан.  Сұрапыл соғыста ауыр жарақат алып,  госпитальде  емделіп шыққан соң, Курск  доғасында болған шайқаста екінші мәрте ауыр жарақаттанды. Қиян-кескі шайқастардағы көрсеткен  ерлігі үшін І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендері және бірнеше медальдармен марапатталған атамыз  ІІ-топтағы мүгедек болып елге оралған. 
Елге келісіміен   өндірістік бригаданың есепшісі,  одан соң бригадирі, 1945-1947 жылдар аралығында Буденовка селосының қойма меңгерушісі, Базарбай ауылындағы дүкен меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1948 жылдан бастап, мал жайылымындағы малшыларды ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін дүкеннің  меңгерушісі болып, шопандарға мінсіз қызмет көрсеткен.  «Қазақ ССР сауда қызметінің үздігі»  белгісімен 2001 жылы   аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Асылдың сынығы атанған атамыз өте балажан болатын. Әрдайым біздерге  “Үлкенге ізет, кішіге қамқор болыңдар, жақсы оқып, білімді азамат болып өсіңдер.Қарт кісілерді ардақтаңдар” деп ақыл-кеңесін беріп отыратын.
Атамыз жылына бір рет   ордені мен медальдары тағылған костюмін киіп, ауылдағы “Ұлы Отан соғысының боздақтарына қойылған”  ескерткішке арнайы барып, гүл шоғын қойып, тағзым ететін. Терең ойға кетіп, жанарына жас келетін. 
Көпті көрген әжеміз Шариякүл екеуі сегіз ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. Біздер атамды мақтан тұтып, оның асыл бейнесін мәңгі сақтаймыз.  Бүгінгі біз секілді жас өскіндерге  бейбітшілік пен шат-шадыман өмір сыйлаған атам секілді майдангерлерге  шексіз алғысымызды айтамыз.

Обновлено 12.05.2015 18:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін765
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада765
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7277
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2258946

Серіктестер