Онлайн газет



Отан үшін от кешті

1941-1945 жылдарды шарпыған екінші дүниежүзілік соғыста Курск иінінің шайқасына қатысушы, қатардағы гвардия сержанты Кембаев Жетпістің өмірі де жастарға үлгі етерліктей. Өкінішке орай майдангер 2014 жылы мамыр айында Жеңістің 69 жылдығын тойлап, артынша дүниеден өткен болатын.
Ол 1923 жылы 1 қаңтарда Жалғызтөбе ауылдық округіне қарасты Еңбек (қазіргі Сеңкібай) ауылында дүниеге келген. Жастық шағы жалынды жылдармен қатар келген бозбала әке-шешеден де ерте айырылып, алдымен балалар үйінде, кейін ағайындарының қолында тәрбиеленеді.  Өмірдің талай ауыртпалығына қарамастан Жетпіс оқу оқып, білім алуды басты мақсат тұтады. Орта  мектепті бітіргеннен кейін, Жамбылдағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. Алайда дәл сол уақытта соғыс басталып, қолына қару алады дегеннің барлығы әскер қатарына алынады. Жетпіс те өзі  қатарлас жігіттер секілді майданға аттанады.
Алғаш Ржев, Ростов на Дону бағытындағы шайқастарда неміс басқыншыларына қарсы тойтарыс берсе, кейін Курск иініндегі ұрыста аяғынан жараланып, соғысқа жарамсыз болып 1943 жылдың күз айында елге оралады.
Ауылға келген  жауынгер жер қорғадым деп жатып алмай, мүгедектігіне қарамастан елдің еңсе тіктеуіне барынша атсалысады. Ес жиғаннан кейін, тастап кеткен оқуын қайта жалғастырып,  ауданымыздағы «Еңбек», «Киров, «Фрунзе» колхоздарында, «Ровное» совхозында бухгалтер, бас бухгалтер және «Ново-Ивановка» поштасында басшы қызметтерін абыроймен атқарады.
Ж.Кембаев жеңісті жақындатуға үлес қосқаны үшін «Ұлы Отан соғысы» орденімен және түрлі мейрейтойлық медальдармен марапатталған.
Бүгінде отты жылдары Отан қорғаған жауынгерден тараған 10 ұл-қыз әке тәрбиесінен тәлім алып, оқу оқып,  жан-жақта еліміздің өсіп-өркендеуіне өздерінше үлес қосып жүр.
Ал, майданға қатысқан өзге де жауынгерлердің қатарында  Жетпіс Кембаевтың да есімі Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Аққия ауылында ашылу салтанаты өткізілген  мемориалдық тақтаға ойып тұрылып жазылды. Бұл Ұлы Отан соғысында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен ерлерге жасалып жатқан құрмет дейтін болсақ, ардагердің өз ұрпақтары 9 мамыр күні ардақты аталарын еске алып, ас бермекші, түрлі жарыстар ұйымдастырмақшы.

Өз тілшіміз.

Обновлено 12.05.2015 18:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1031
mod_vvisit_counterКеше1583
mod_vvisit_counterОсы аптада1031
mod_vvisit_counterӨткен аптада11794
mod_vvisit_counterОсы айда7543
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2259212

Серіктестер