Онлайн газет



Ұлы Жеңіс - ең ұлық мереке

А.Тасканбаева,
аудандық  әділет басқармасының бас маманы.

Адамзат тарихындағы ең қанқұйлы жойқын соғыс болып табылатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына  биыл 70  жыл толды. Бұл күні ерлікке бас иіп, елдігімізге тағзым ету парыз саналады. 
Еліміздің басына күн туған сын сағатта Байзақ өңірінің ұлдары да майданда ерлікпен шайқасты. Жеңіс күнін жақындатуға қанымен, жанымен, патриоттық рухымен, қаһармандық ерлігімен лайықты үлес қосты. Жау дзотын кеудесімен жапқан жерлесіміз Ақәділ Суханбаевтың өшпес ерлігі бүгінгі ұрпақ үшін аңыз. Батырдың батылдығы - Отанды сүюдің, оны қорғаудың, асқан патриотизмнің мәңгілік үлгі-өнегесі болып қала бермекші.
Жеңіс күнін жақындатуда тыл еңбеккерлерінің де еңбегі ерекше болды. Олар «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деп еңбек етті. Майданды киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Қаршадай балалар, өрімдей қыз-келіншектер таңмен таласа тұрып мал бақты, соқамен жер жыртты, пішен шауып, егін орды. Осылайша Жеңіске өзіндік үлес қосты.
Ұлы Жеңіс күні – көпұлтты Қазақстанның бүкілхалықтық мерекесі. Қасиетті Отаны, ардақты халқының бостандығы мен тәуелсіздігі, болашақ ұрпақтарының бақыты үшін майдан даласында аянбай күрескен, бүгінде ортамызда жүрген 11 соғыс ардагерлері, батагөй қариялар  Орахат Бегілдаев, Үсен Тағаев,  Базарбай Қалдыбаев, Иван Григорьевич Дужинский,  Манатбек Қадыров,  Сауытбек Рыспаев,  Рахымжан Мамыралиев, Мәдібек Мақұлбеков,  Баха Рустанбеков, Иманқұл Жақсығұлов,  Өнербай Молдабаевтардың  ерліктері кейінгі ұрпаққа өнеге болып қала бермек.
Олай болса,  ата-бабаларымыз жанқияр ерлікпен қорғаған ата-мекенімізді жасампаз еңбекпен көркейте берейік дегім келеді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2006
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада4041
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда44231
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2251617

Серіктестер