Онлайн газет



«КЕРЕМЕТ ӘЖЕ» САЙЫСЫ МӘРЕсіне ЖЕТТІ

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Отан   отбасынан  басталады десек, ұрпақты  бала кезінен отансүйгіштікке, отбасы құндылықтарын сақтауға үйретуде  үлгілі  отбасылардың  алар орны ерекше. Қоғам, балабақша, мектеп, жоғары оқу орындары, мекеме-ұжымдар да  осы істе   жаппай  атсалысып, үлес қосады.
Отбасында ата мен әженің орны да ерекше, әрі қадірлі. Әже тәрбиесі арқылы бала жақсы мен жаманды айырып,  тануды үйренеді. Олардың тәрбиесімен сусындап өскен бала болашақта адамгершілігі мол, иманжүзді азамат болып қалыптасады. Еліміздің  ертеңі, болашағы  балаларымыз үшін  әжелер  таптырмас байлық, құнды ғибрат.  Олардың аялы алақаны, мейірбан жүрегі, немереге деген ерекше махаббаты  бала бойына күш қуат, сенімділік береді. Жамандық атаулыдан қорғайтын, бейне бір ақылдың кеніші саналатын әжелердің  қашан да ұрпақ тәрбиесінде ойып алардай орны бар десек артық айтқандық емес.
«Бақытты отбасы» жобасы аясында, 22 сәуір – Отбасы күні мерекесіне орай, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен аудан орталығындағы А.Суханбаев атындағы саябақта «Керемет әже» атты  сайыс ұйымдастырылды. Алты түрлі шарттан тұратын шараға 5 әже қатысып, сайыс шарттарын өз мәресіне жеткізе орындады. Байқауға қатысқан  ақ жаулықты әжелер жиналған қауымды  өнерлерімен тәнті қылды.
Сайыс дегенде де күнделікті өтіп жатқан  сайыс емес, өзінше бір  өзгешелеу, мәнді де маңызды, тәрбиелік орны бар   игі шара. Бұл өнер сайысын  «Отандастар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Шакизат Жұматаева  жүргізіп, оның өз дәрежесінде өтуіне бар жағдай жасап отырды.
Сайыстың маңыздылығы сонда, жарысқа түскен әжелер сахнаға шығып өзін-өзі  таныстырып, соңында оны  салиқалы бата сөздерімен аяқтайды. Ал, әр орындалған ән де Отан, ана,  туған жер,  бала, немере туралы шырқалып, ән сөздерінде тәрбие иісі  аңқып тұрды.
Әжелер тек қана  ән мен  жырдан   ғана емес, өздерінің қол  өнерлерімен де бірінен-бірі  асып түсіп, пісірген  тәтті тағамдары, кестелі орамал, құрақ көрпелер, зермен көмкерілген мамық көпшіктері, тоқыма киім-кешектері көздің жауын алды. Сондай-ақ сайыс барысында шаш өріп, үш минут ішінде матаның төрт бұрышын тігіп, парақшада көрсетілген тапсырмаларды орындап, дәстүр, отбасы туралы сұрақтарға дана сөздермен,  тыйым сөздерге түсініктеме берген әжелерге әділқазылар лайықты бағаларын берді. 
Нәтижесінде  Алима Жанбаева бас жүлдеге лайық деп танылса, Алтын Жаманбалаева бірінші орынды иеленді. Ал, Гүлсара Төлегенова екінші орынға көтерілсе, Палым Арыстанбекова мен Алтынай Қошмағанбетовалар жүлделі үшінші орынға лайық деп танылды. Осылайша, он саусағынан өнері тамған, отбасыларында бірнеше немере тәрбиелеп отырған мейірбанды жандар ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалған Алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін117
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4210
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда117
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2251786

Серіктестер