Онлайн газет



АУДАННЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Жуырда, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Мұратхан Шүкеевтің қатысуымен өткен мәжілісте ауданымыздың ағымдағы жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы қаралды.
Аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, сала мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиында аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Жақыпбековтың баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашы Дулат Жақыпбеков ауданның 2015 жылдың  қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының барысы туралы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Баяндамашының келтірген деректеріне сүйенсек, ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-наурыз айларында 447,7 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 107,7% құраған.
Аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі есепті мерзімде 2 млрд. 200 млн. теңгеге жетіп, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,9 % құраған.
Шаруашылықтың барлық санаттарында 2483,8 тонна ет, 6,0 мың тонна сүт,  11,6 млн. дана  жұмыртқа өндірілген. Сондай-ақ осы кезеңде мүйізді ірі қара саны 35 731 басты құрап, 0,1 пайызға; қой 227,1 мың басты құрап, 0,1 пайызға; ешкі 25,8 мың басты құрап, 6 пайызға; жылқы 9,9 мың басты құрап, 0,8 пайызға; құс саны 259,7 мың басты құрап, 3,1 пайызға, түйе саны 804 басты құрап, 0,5 пайызға артқан.
Д.Жақыпбеков өз баяндамасында  сондай-ақ мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларының орындалу барысы, субсидияланған минералды тыңайтқыштар мен көктемгі егіс-дала жұмыстарына  арзандатылған дизель отынына шаруашылықтардан өтінімдер қабылдау, жылыжай жұмыстары,  ұсақ шаруа қожалықтарды ірілендіру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағыттары, бөлшек және көтерме сауда айналымының көлемі, негізгі капиталға салынған инвестициялар, қаңтар-наурыз айларында пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі, өңірлерді дамыту мақсатындағы бағдарламаның маңыздылығы, аудан бюджетінің орындалу барысы, кірістері мен шығындары, салық түсімі, еңбек нарығы туралы кеңінен түсінік берді. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға ерекше тоқтала отырып, автомобиль жолдарын күтіп ұстау, денсаулық сақтау, мектепке дейінгі тәрбие, орта білім беру, спорт, мәдениет салалары, діни бірлестіктер жұмысы, жастар саясатының жүзеге асырылуы, қылмыспен күресу және оның алдын алу жұмыстары жөнінде жан-жақты баяндап берді.
Негізгі баяндама аяқталысымен жарыссөзге шыққан Байзақ ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Алтай Серікбаев пен Байзақ ауданы ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция капитаны Арман Дәуренбековтер өз салалары бойынша есеп берді.
Мәжілістің күн тәртібіндегі кезекті мәселе – отын энергетикасы және тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық нысандардың 2015-2016 жылдарға жылыту маусымының қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары туралы аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Қойлыбаев баяндама жасады. Аталмыш мәселе бойынша аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов пен аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Зауре Дузеновалар жарыссөзге шықты.
Сондай-ақ күн тәртібіне шығарылған басқа да мәселелер ретімен қаралып, оның әрбірі бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Мәжілісті қорытындылаған аудан басшысы көтерілген мәселелерге қатысты тиісті мекеме, бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, жиынды қорытындылады.

Обновлено 08.05.2015 10:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1838
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада3873
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда44063
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2251449

Серіктестер