Онлайн газет



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар

М.Дондаев,
Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

Таяуда Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында  Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңына сүйене отырып қызметкерлер арасында аталмыш қылмыстың алдын алуға бағытталған семинар өткізілді.
Семинарда Жамбыл облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің адам ресурстары басқармасы қызметтік тергеу бөлімінің басшысы Н.Абилаханов баяндама жасады. Ол өз сөзінде  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267-1 Заңы  Республикамыздың күллі аумағанда  барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылатынын, осы Заңда барлық мемлекеттік органдармен лауазымды адамдар өз құзыреті шеңберінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті және мемлекеттік органдардың басшылары осы Заңның талаптарын орындауды және өз шеңберінде онда көзделген тәріптік шараларды қолдануды, кадр, бақылау Заң қызметтері мен басқа да қызметтерді осыған тарта отырып қамтамасыз етуге міндетті екендігін жеткізді.  Сыбайлас жемқорлық салық түсімдерінің кемуіне әкеліп соқтыратындығын  мемлекеттік бюджеттің өсуіне қандай дәрежеде болмасын зиянын тигізетінін тілге тиек  ете отырып, мемлекеттік кірістер басқармасы  қызметкерлерін бұл мәселеге үлкен мұқияттылықпен, жауапкершілікпен қарап, өз істерінің, кәсіпкерліктің дамып, өркениетті заманға сай қызмет жасауына лайықты ықпал етуіне шақырды.
Бұдан соң Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.Ажмаханов және Жамбыл облысы бойынша  мемлекеттік кірістер департаментінің  бас маманы Е.Халыковтар сөз алып, кірістер басқармасының қызметшілерін өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін  таза әрі сапалы орындап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу,  Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі  талаптарын бұлжытпай орындап, салық төлемгерлеріне сапалы әрі уақтылы  мемлекеттік қызмет көрсету қажеттігін баса айтты.
Алқалы жиын соңында күн тәртінде көтерілген мәселелер бойынша  оған қатысушылар өздерінің пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1375
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада3410
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда43600
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2250986

Серіктестер