Онлайн газет



Бірлігім мен ынтымағым күшінде

К.Ақназаров,
ардагер ұстаз. Түймекент ауылы.

Бірлігім мен ынтымағым күшінде,
Береке мен табысым мол ісімде.
Жүз отыз ұлт бірге жасап келеді,
Тату-тәтті бір шаңырақ ішінде

Жүрмейді ол бірін-бірі жатырқап,
Жаңалыққа көз тігеді таңырқап.
Қазақстанның өсіп-өну жолында,
Өз үлесін қосып жатыр сан ұрпақ.

Алға қойған мақсатымыз бір біздің,
Жақсылардың сөзіне ой түргіздің.
Татулықтың арқасында бүгінде,
Қол ұстасып бізді бірге жүргіздің.

Азаматқа сенімді мол артыңдар,
Өшпейтұғын өнегелі салтым бар.
Дұшпандардың сөздеріне ермейтін,
Елім дейтін, жерім дейтін халқым бар.

Қуанышқа кенеліп ел жүр бүгін,
Жасап жатыр алға қойған тірлігін.
Ұлт пен ұлтқа бөлінбестен бір болып,
Сақтайықшы елдің мәңгі бірлігін.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2027
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада4062
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда44252
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2251638

Серіктестер