Онлайн газет



Бірлігі бекем елміз

А.Қайыпназарқызы,
“Ауыл жаңалығы”.

Біздің ұрпақ жолды тапқан қиыннан,
Еншісіне егемендік бұйырған.
Бірлігі мол, мықты елміз мызғымас,
Қазақстан шын құрыштан құйылған, - деп ақындарымыз жырлап өткендей тәу етер тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бастап Қазақстан береке- бірлігінің арқасында  қарышты қадам жасап, биік белестерді бағындырып келеді.
Халқымызда "Бірлігі бекем елдің берекесі мол болмақ” деп бекер айтылмаған. Тілі мен түрі, діні мен ділі бөлек болғанымен  тілегі бір халықтар достастығы еліміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үлесін қосып келеді.
Бүгінде біз экономикалық жетістіктерді, әлеуметтік игіліктерді, саяси тұрақтылық пен мәдени өркендеуді бастан кешіріп отырған мемлекетпіз. Тіпті кешегі ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған оның ынтымағы мен бірлігі екенін де айта кеткен жөн. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда бақ үйір болады дейтін болсақ, елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында ісіміз ілгері басып келеді. Қазіргі жаһандану дәуірінде Қазақстанның ірі мемлекеттер жетегінде кетпей, өзінің ұстанымын айқын көрсете білуі ең алдымен ел ішіндегі халықтардың бір-біріне деген құрметінен, сыйлыстығынан болып отыр. Осыған орай ұлылардан қалған мынадай даналық сөздер бар. "Іргесі берік елді жау алмас, аузы бір елді дау алмас”, "Бірлік қайда болса, ынтымақ сонда”, "Саусақ бірікпей, ине ілікпейді”, "Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп”, "Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, төбедегі келеді”, "Тірлік, тірлік түбі – бірлік”.
Ал, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы ел бірлігі – барша табыстарымыздың кілті әрі көп ұлтты болуымыз – біздің мақтанышымыз екенін үнемі айтып келеді. Сондықтанда Н.Назарбаев жыл сайынғы  қазақстандықтарға арнаған өз Жолдауларында елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығына аса мән береді. 
2015 жыл – ел тарихында елеулі даталарға тола болғалы тұр. Соның бірі  Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен үстіміздегі жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Демек елді ұйыстырып отырған ел ағасының да ең басты мақсат-мүддесі – ел бірлігі.
Нақты деректерге сүйенер болсақ, Қазақстанда 130-дай ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрады екен. Ал, оның ішінде адам саны көп 7 этнос бар; олар қазақ, орыс, өзбек, украин, ұйғыр, татар және немістер.
Қазақстанның байлығы – халқының ауызбірлігінде. Қазіргі таңда қазақтардың саны - 9 540 806, орыстар -3 869 661, өзбектер 463 381, украиндар - 422 680, ұйғыр – 241 946, татар – 226 803, немістер – 220 975-ті құрап отыр.  Осылайша түрік, дүнген, поляк пен кәріс һәм әзірбайжан, беларустар және өзге ұлттың ұл-қыздары бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай елдің еселенуі жолында еңбек етіп келеді.
Киелі Байзақ жерінде де ырыс пен ынтымақ салтанат құрған. Өңірімізде 30-дан аса өзге ұлт өкілдері тұрмыс кешіп келеді. Ауданымыздағы орыс, неміс, түрік, кәріс этномәдени орталықтары түрлі мәдени, қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде қатысып, халықтар достастығын паш етуде жемісті жұмыс жасап жүр. Ендеше Елбасы айтқандай «Ел бірлігі – ең асыл қасиетіміз» екенін ұмытпай, басты байлық ел үшін - татулық, достық, келісімді берік сақтай білейік!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1337
mod_vvisit_counterКеше2035
mod_vvisit_counterОсы аптада3372
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда43562
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2250948

Серіктестер