Онлайн газет



550 ағаш отырғызылды

Б. Жақсымбетов,
“Ауыл жаңалығы”.

«2015  жылы ұлттық тарихымызды ұлықтау,бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы деп есептеу керек” деп Елбасымыз айтқандай,  үстіміздегі жылы Қазақ хандығының  550 жылдығы кеңінен аталып өтілмекші. Осы бір айтулы күнге орай,  Сарыкемер орта мектебінде “Қазақ хандығына 550 жыл-550 ағаш” атты акция өткізілді.
Акцияда аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев, облыстық білім басқармасының оқу әдіскері А.Жапбасбаева, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы З.Дүзенова, ақсақалдар алқасының төрағасы C.Ермеков, мектеп директоры М.Нәметқұловтар сөз сөйлеп, ел өміріндегі  айтулы мерекенің маңыздылығын сөз  етті.
Мерейлі мерекенің құрметіне ауданда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, 550 ағаш отырғызу, оқушылар арасында «Тарихымызды ардақтаймын» атты көркемөнерпаздар  сайысымен қатар,  көкпар ойынынан облыстық деңгейде жарыс ұйымдастыру істері қолға алынған. Дәстүрлі әншілер-термешілер байқауымен қатар  «Тарихты терең толғаған » атты аудандық  жазба  ақындардың жыр мүшәйрасы  қолға алынған. Тарихи өлкетану мұражайында даталы мерекелерге арналған іс-шаралар  өткерілуде.
Акция барысында Сарыкемер орта мектебінің алдында “Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған”  монумент ашылды.  Мұнан кейін  білім ошағының айналасына 550 түп туя, католфа, мольба, тағы басқа да ағаштар отырғызылды.

Обновлено 05.05.2015 15:04
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін91
mod_vvisit_counterКеше2058
mod_vvisit_counterОсы аптада4184
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда91
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2251760

Серіктестер