| Атадан қалған аманат |
|
Ә. Аманов, аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының бөлім меңгерушісі.
Халықтық өнер атадан қалған аманат, асыл мұрамыз екені даусыз.Сол асыл мұраны қастерлеу мақсатында балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде «Атадан қалған мұрамыз» атты аудандық жыр-терме және күй байқауы болып өтті. Байқау терме немесе толғау орындау және төкпе күй, немесе шертпе күй тарту бағыттары бойынша жүргізілді.
Байқау аса тартысты өтті.Нәтижеде терме немесе толғау орындауда бас жүлдені балалар мен жасөспірімдер орталығының жыр-терме үйірмесінің оқушысы Айбек Қарасаев иеленді. Бірінші орын Қазақстанның 40 жылдығы мектебінің оқушысы Ақерке Қылышбаеваға, екінші орын Бурыл орта мектебінің оқушысы Аида Сейілбекке тиді. Үшінші орынды Қостөбе орта мектебінің оқушысы Динара Табалдиева мен Әуезов орта мектебінің оқушысы Нұркелді Әбдіқұлов өзара бөлісті. Күй орындауда Қазақстанның 40 жылдығы мектебінің ансамблі бас жүлдені иеленді. Бірінші орынды Пушкин орта мектебінің, екінші орынды Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының ансамбльдері иеленді. Қараша айының басында облыста өткен осындай байқауда балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушысы Айбек Қарасаев дәстүрлі ән орындауда бірінші орынды, күй орындауда Қазақстанның 40 жылдығы мектебінің «Жас толқын» ансамблі екінші орынды жеңіп алып, абыройға бөленген болатын.
|
| Обновлено 23.11.2012 20:18 |
Халыққа жолдау









![]() | Бүгін | 75 |
![]() | Кеше | 2850 |
![]() | Осы аптада | 2925 |
![]() | Өткен аптада | 14657 |
![]() | Осы айда | 38519 |
![]() | Өткен айда | 145403 |
![]() | Бәрі | 3949404 |
Серіктестер














