Онлайн газет



Астанада жүлде алды

Әр облыста топ жарған саңлақтар Астана қаласында бас қосып, қолөнер туындыларының үлкен

көрмесі өткені белгілі. Оған Жамбыл облысының үздік қолөнер шеберлерінің қатарында ауданымыздан қатысқан үздік шеберлер де өз үлестерін қосты.Солардың бірі Шахан ауылының тумасы Қазым Аманқосов ұмыт болып бара жатқан қазақтың ұлттық-этнографиялық өнері «Ортекені» көрсетсе, бурылдық Мұрат Жексенбаев ағаштан, теріден, темірден жасаған бұйымдарын ұсынды. Сарыкемер ауылының тұрғыныТұрмағанбет Жалғасбаевтың электрондық бесігі көрмеге қойылды. Балалар мен жасөспірімдер орталығының бөлім меңгерушісі Ә.Аманов безендірген осы бесік ерекше қызығушылық тудырды.Өйткені бала жылаған кезде бесік өзінен өзі тербеле бастайды.

Жалпы нәтижеде Жамбыл облысы қолөнер шеберлерінің туындылары үздік деп танылып, еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай «Ең үздік қолөнер шеберлері» деген Дипломмен марапаттады. Көрмеде үздік шығуға үлес қосқан біздің ауданның шеберлері де Дипломдармен марапатталды.

Өз тілшіміз

 

Обновлено 23.11.2012 20:16
 

Халыққа жолдау

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін2117
mod_vvisit_counterКеше4321
mod_vvisit_counterОсы аптада2117
mod_vvisit_counterӨткен аптада28488
mod_vvisit_counterОсы айда57062
mod_vvisit_counterӨткен айда126502
mod_vvisit_counterБәрі3700330

Серіктестер