Онлайн газет



Ардагерлер ардақталуда

Міне, Жеңіс туы желбірегелі 70 жылға таяды. Арада бүтін бір ұрпақ алмасты. Десекте  қатары селдірей түскен кешегі соғыстың қарт сарбаздарына деген құрмет ешуақытта ортаймайтындығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Өйткені Отан үшін от кешіп, елдің тыныштығы үшін жанын салған батырларымыздың өшпес ерліктері жас ұрпақты ұлы істерге жетелеп келеді.

Осы аптаның ортасында  аудан әкімі М.Шүкеев соғыс ардагерлері:  бурылдық Орахат Бегілдаев, Иван Григорьевич Дужинский, көкталдық Манатбек Қадыров, жетібайлық Рахымжан Мамыралиев, үлгілілік Базарбай  Қалдыбаев, қызыл жұлдыздық Үсен Тағаевтардың жанұясында болды. Ел басына күн туған шақта еліне қорған болған қарт майдангерлерге “Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік медалін  табыстады.
Аудан басшысы сындарлы жылдары  майдан даласындағы ерліктің ерен үлгісін көрсетіп қана қоймай,  елге оралған  соң да туған өлкеміздің көркеюіне өлшеусіз үлес қосқан  аға ұрпақ өкілдерінің өнегеге толы өмірлеріне тоқталды.Ұлы Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, қан май­дан­ның қиындығын көрген әр соғыс ардагеріне 250 мың теңге көлеміндегі біржолғы материалдық көмек беріліп жатқандығын, оның 100 мың теңгесі-республикалық бюджеттен, ал  жер­гілікті билік тарапынан 150 мың теңге бөлінгендігін айтып,  қаржылай сыйақыны табыстады. Сонымен қатар  соғыс ардагерлері Орахат және Манатбек қарияларға жуынатын кабина, Астана қаласында өтетін Жеңіс шеруіне  қатысатын  Базарбай Қалдыбаевқа  салтанатқа киетін шеру киімін тарту етті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Р. Шәметов болса  от пен оқтың ортасынан аман-есен оралған қарт сарбаздарды айтулы мерекемен құттықтап, Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың  өшпес ерліктері мен тылдағы жанқиярлық еңбектің ерен үлгісі жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтіндігін тілге тиек етті.
Құрметке бөленген ардагерлер  бірлігі мен тірлігі жарасқан тәуелсіз елімізде, перзенттерінің ортасында бақуатты ғұмыр кешіп жатқандарына  ризашылықтарын білдіріп, Елбасына, облыс, аудан басшыларына қамқорлықтары үшін  алғыстарын айтып,  батасын берді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 28.04.2015 17:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін295
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1484
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40485
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247871

Серіктестер