Онлайн газет



Жемқорлықпен күрес күшейтіле түспек

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Бейсенбі, 23 сәуір күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Жамбыл облыстық филиалының ұйытқы болуымен семинар-кеңес өткерілді. Жиынға жиылған жұртшылық алдында сөз сөйлеген «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиев басқосудың басты мақсатын түсіндіріп өтті. Мақсат – қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу және оның зиянды тұстарын түсіндіру. Яғни, бір сөзбен айтқанда – жемқорлықты жеңу.
Осы негізде баяндама жасаған Қасымхан Естемесұлы соңғы жылдары жемқорлық қоғамға дендеп еніп бара жатқанын, оны түп-тамырымен жоюдың жолдары, ол үшін ең алдымен мемлекеттік қызметкерлерді біліктілігіне қарай іріктеп, таңдаудың – маңызы зор екендігін атап өтті. Елбасы Жолдауларында, «Нұр Отан» партиясының кеңейтілген отырысында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі» бағдарламада бұл мәселеге ерекше басымдық берілгенін әңгімеледі. Нақты дәйектерге жүгіне отырып, жемқорлықтың еліміздегі орын алу деңгейін ашып айтты. Қ.Төлендиевтің сөзіне сүйенер болсақ, Қазақстан бүгінде өзгеде мемлекеттер арасында жемқорлық қылмысы жөнінен 126-шы орында тұр екен. Осынау олқылықтың орнын толтыру – ортақ іс екенін тілге тиек етті.
Келесі болып мінбеге көтерілген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың профилактикасы басқармасының басшысы Н.Нұржігітов жемқорлық іс-әрекеттері – мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіретіндігін, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайтындығын ауызға алды. Нұржан Молдиярұлы сонымен қатар, алдағы жылдарда әрбір мемлекеттік қызметкердің кірістерімен қатар шығыс қаражаты қатаң қадағаланатындығын мәлімдеді. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың профилактикасы басқармасының басты жұмыстарына, алдағы жоспарларына тоқталды.
Семинар-кеңесте «Ауыл жаңалығы»-«Сельская новь» газеті редакциясы ЖШС-нің директор-Бас редакторы С.Қалмұратов, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ж.Айтқұлов, Үлгілі ауылдық округінің әкімі Д.Мәдешов, Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының директоры К.Жаманова және аудандық «Жастар орталығының» директоры Е.Мадияровтар жарыссөзге шығып, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі – парақорлық, оның зардаптары, ел экономикасына тигізер әсері жайындағы ойларымен бөлісті.
Маңызды мәселені көтерген бұл жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Кенжебаев, “Нұр Отан” партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңестің директоры Р.Сәрсенов қатысып отырды.
Мұнан соң Сарыкемер ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратында «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Жамбыл облыстық филиалының директоры Қ.Төлендиевтің тұрғындармен жеке қабылдауы ұйымдастырылды.  Қабылдауға келген аға ұрпақ өкілдері Б.Сарсенов, Е.Мұханов, Ж.Күлашов және Ә.Ерғалиевтер көкейлерінде жүрген пікірлерін ортаға салды.

Обновлено 28.04.2015 17:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін676
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада676
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40866
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248252

Серіктестер