Онлайн газет



Жеңісті жақындатқан әуендер асқақтады


Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Өлім мен өмірдің ортасында жүріп, елін-жерін жау езгісінен құтқарған жаужүрек  жауынгерлердің  бойына қуат, жанына  жігер  беріп келген патриоттық әндер қаншама десеңізші. Өткен аптада  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, аудан  әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты әл – Фараби атындағы мәдениет үйі қызметкерлерінің  ұйытқы  болуымен «Жеңісті жақындатқан әуендер» атты соғыс жылдарындағы әндер мен патриоттық әндерді орындаушыларының аудандық байқауы өткізілді.

Сайысқа  15 округтен 15 үміткер қатысып, байқаудың бірінші кезеңінде соғыс жылдарында кеңінен танымал болған «Ана туралы баллада», «Катюша», «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген», «Темная ночь», «Священная война», «Соғыстан қайтқан солдаттар», «Смуглянка», «Ах, Самара городок», «Дариға, сол қыз», «Пора в путь дорогу» әндерді нәшіне келтіріп шырқады. Екінші кезеңде қазіргі заманауи патриоттық әндерді орындап, өздерінің  өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.
Әндерді тақырыпқа сай таңдап, жоғары деңгейдегі  орындаушылық шеберліктерін көрсете білген Темірбек ауылдық округінен қатысқан Айтжан  Әбдешова бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші  орынды бурылдық  Айбек  Тұрар иемденді. Екі ІІ орынды ботамойнақтық Мамедалы Аббасов пен Қызыл жұлдыз округінен Әмірхан Серікбай өзара бөлісті. Екі ІІІ орын Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектептің мұғалімі Маржан Құрманова мен аймантөбелік  Ақсезім Нұрхановаға бұйырды.
Ынталандыру сыйлықтары Дихан ауылдық округінің өнерпазы Нұрдәулет Үсенов пен Мырзатай ауылдық округінің жас  әншісі Фариза Орынбасарға табысталды.
Елінің еркіндігі мен азаттығы жолын­да айқасқан азамат­тардың сұрапыл соғыстағы ерліктерін ұлықтаған, тыл еңбекерлерінің ерен еңбегін әспеттеген, барша  халықтың Ұлы Жеңіске деген  сенімді нығайтқан  өлмейтін, өшпейтін   әндер  жас ұрпақтың өнбойын шымырлатып жатты.
-Аға ұрпақ алып берген Жеңіс, майдан даласында  шырқалған  патриоттық  әндер бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді, қиындықтарды жеңіп, алға ұмтылуымызға көмектеседі,-дейді байқауға қатысушылар бізбен әңгімесінде.
Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 28.04.2015 17:27
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін339
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1528
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40529
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247915

Серіктестер