Онлайн газет



Әлеуметтік мәселелер сарапқа салынды

Өткен дүйсенбіде бесінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІХ-сессиясы болып өтті.
Сессия жұмысына төрағалық еткен депутат А.Исабаев оның күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілісімен  талқылауға түскен мәселе бойынша хабарлама жасап, түсініктеме беру үшін сөзді аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұловаға ұсынды.
Өз кезегінде Әлия Бағысбекқызы мәслихат депутаттарына аудан бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары туралы мәлімет бере келе, аудандық мәслихаттың 2013 жыл 10 қыркүйегіндегі №20-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысын айтты. Аталмыш әлеуметтік маңызды мәселе тұрақты комиссия отырысы және сессия жұмысы барысында жан-жақты талқыланып, ол бойынша тиісті шешім қабылданды.
Мәслихаттың кезектен тыс сессиясының жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің бірқатар бөлім, мекеме басшылары, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1069
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1069
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда41259
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248645

Серіктестер