Онлайн газет



Ел мұрасы-ескерткіштерге жөндеу жұмыстары жүргізілуде

А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Жылдар жылжып, уақыт сырғыған сайын өткен күннің өнегесі өзгелерге үлгі болуда.  Әсіресе, 1941-1945 жылдарды шарпыған Ұлы Отан соғысында Отанын, жерін қорғаған, фашизмдi жеңу үшiн жанын қиған жауынгерлердің теңдесi жоқ ерлiгi  ел жадында мәңгi бақи сақталмақ.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында қанды шайқаста қаһармандық танытқан қайтпас ерлеріміздің құрметіне орнатылған  ескірткіштер мен белгілер қайта жөндеуден өтуде.
Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «Батырлар аллеясына» аудандық бюджеттен 9 млн. 782 мың теңге бөлініп, бүгінде бұл қаржыға аллеяның аты жазылған арка, оның маңындағы субұрқақ және «Қайғыла ана» ескерткіші жаңалануда. Жұмысты жүргізіп жатқан «Темір Айбархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  мамандары граниттік плиталарды ауыстырып, жаңадан жүргінші жолдарын салуда.
Айтулы ұлы мереке қарсаңында мұндай ағымдағы жөндеулер Көктал, Түймекент елді мекендеріндегі Отан қорғаушылар ескерткіштерінде де жүргізілуде. Жергілікті бюджеттен қаралған 1 млн. 227 мыңға – Көкталдағы, 1 млн. 560 мың теңгеге – Түймекент ауылдық округіндегі ескерткіштер сәулеттендірілді. Сырланып, алдарыңғы бөліктеріне арнайы  брусчаткалар төселді. Былайша айтқанда әр беріліп, көріктендірілді.Жан-жағы абаттандырыла түсті. Бұл жұмыстарды «Алманбетов» жеке кәсіпкерлігі мен «Дари-Нұр-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарды.
Өткен тарихымыздан сыр шертетін құнды жәдігерлер – ескерткіштерді күтіп-баптау баршамыздың басты борышымыз дейтін болсақ, иглікті шара алда да өз жалғасын таппақ.

Обновлено 23.04.2015 10:45
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін203
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1392
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40393
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247779

Серіктестер