Онлайн газет



Қарттарға көмек қолын созды

Елдімекендерді таза ұстау, айналаны абаттандыруға атсалысу әрбіріміздің

міндетіміз. Осыған орай республикамыздың жер-жерлерінде көктем, күз мезгілдерінде тазалық айлықтары өткізіліп, әр сенбі сайын отырған ортамызды ретке келтіріп, жиналған күл-қоқыстарды сыртқа шығару жұмыстарын жүргізу дәстүрге айналуда.
Үстіміздегі жылдың 15-ші қыркүйегі мен 15-ші қарашасы аралығы тазалық айлығы ретінде «Күзгі абаттандыру көгалдандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы» аудан әкімінің Қаулысы қабылданып, осы негізде байзақтық барша жұртшылық сенбіліктерге қатысуда.
Әсіресе жалындаған жастар бұл істе жақсы қырынан көрінуде. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрамындағы белсенді ұл-қыздар жалғызілікті қарттарға көмек қолын созып, қолдау танытты. Қарт кісілердің үйлеріне барып, аулаларын тазалаған «Жастар орталығының» белсенді мүшелері олардың егістіктерінде жиналып қалған  күл-қоқыстарды сыртқа шығарып, үлкендердің зор алғысына бөленді.
Қарттарды қолдау шарасы  9 қараша күні де ұйымдастырылды. Бұл күні «Жастар орталығы» КММ-ның құрамындағылар бірнеше қариялардың тұрғылықты жерлерінде болып, оларға қажетті көмектер көрсетті. Су тасып, отын жару, ағаштарды жинап, ауланы сыпыру жалындаған жастар үшін еш қиындық туғызбасы анық. Қарияларға көмек қолын созу іс-шаралары бұдан былай өз жалғасын таппақ.

 

Өз тілшіміз.

фото А.Алдабергенов

 

Обновлено 19.11.2012 12:24
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1569
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1569
mod_vvisit_counterӨткен аптада8989
mod_vvisit_counterОсы айда18199
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2269868

Серіктестер