Онлайн газет



Топ жарған Феруза

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Талай талантты өреннің өнерін қалың көрермен алдында паш ететін  республикалық «Ақ көгершін» ІХ фестивалі әсем

Алматы қаласында өтті. Оған еліміздің әр түкпірінен келген жас өнерпаздар қатысып, бақ сынасты. Балалар шығармашылығына арналған іс-шара екі  күнге созылып, жеңімпаздар анықталды.
Өнер додасына қатысқан 6-9 жас аралығындағы кішкентайлар «хореография», «вокал», «халықтық шығармашылық» сияқты бағыттағы өнерлерін ортаға салды.
Дүбірлі додаға қатысқан  ауданымыздағы балалар мен жасөспірімдер орталығындағы “Вокал” жанры бойынша “Бұлбұл үн” үйірмесінің оқушысы Феруза Асан  сазгер Қ.Бекіштің “Қуырмаш”,  танымал ақын Қадыр Мырза Әлидің “Бәбісек”, халық әні “Бір баланы” нақышына келтіре орындап, көпшілікті тәнтті етті. Ферузаның дауысының кеңдігі, сахна мәдениетін меңгергендігін және өнерін бағалаған әділқазылар алқасы байзақтық жас әншіге «Ақ көгершін» балалар қорының  ІІ-дәрежелі Дипломмен бағалы сыйлықты табыс етті. 
Еліктің лағындай сүйкімді Феруза  аудандық «Балауса» ән байқауынан бас жүлдесін иеленсе, 2010 жылы «Тараз жұлдыздары» байқауының және “Қазақстан – Тараз” телеранасындағы «Балақай» конкусының дипломанты, арнайы сертификатына ие болған дара әнші.Өнерпазды өнерге баулып жүрген Маңдайлы Базарбаева үстіміздегі жылы республикалық «Ақ көгершін» байқауында «Үздік педагог» дипломымен марапатталған-ды. Бүгінгі таңда аталмыш орталықта өнер қуған бүлдіршіндерге дәріс беріп жүрген Маңдайлы  Оңғарбайқызы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін де жемісті атқарып келеді.
Алдағы көктемде Астана қаласында өтетін  халықаралық «Ақ көгершін» байқауына  жолдама алып отырған Феруза қызымыз аудан намысын қолдан бермейді деп сенеміз.


фото А.Алдабергенов

 

 

Обновлено 19.11.2012 12:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1476
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада1476
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16552
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268221

Серіктестер