Онлайн газет



Есірткіге қарсы дөңгелек үстел өтті

С. Өмірәлиев,
Байзақ аудандық сотының судьясы.

Мәдениет және ақпарат министрлігімен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған

бағдарламасын жан-жақты талқылау мақсатында Байзақ аудандық сотында  “Нашақорлық-ғасыр дерті”  атты тақырыпта дөңгелек үстел өтіп, оған аудандық прокуратура  мен  ішкі істер бөлімінің өкілдері, Байзақ аудандық заң кеңсесінің адвокаттары қатысты.
Келелі жиынды   Байзақ аудандық сотының төрағасы Д. Тасыбаев  ашып,  аталмыш бағдарлама аясында есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң, оның трансұлттық сипатына тоқтала келе, бүгінгі күні аталған қылмыстың алдын алу үшін тәрбиені отбасынан басталуы қажет екендігін атап өтті.Мұнымен қатар  сот төрағасы есірткі затқа қатысты дәйектерді  нақты келтірді, қылмыстық істер туралы айтты,  қаралып біткен қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдеме ретінде алынған есірткі заттардың толығымен жойылғаны туралы актілер іс құжаттарына тіркелуі т.б. ойларымен бөлісті.  Аудан прокурорының орынбасары Г.Даненов нашақорлықтың алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстарымен бөлісті, тергеу амалдарын жүргізу кезінде  есірткіні сатқан адам анықталмай жатып, жала жабу фактілеріне жол берілмеуі қажет десе, Байзақ аудандық заң кеңсесінің адвокаты Е.Мұсабеков “есірткімен ұсталған сотталушының барлығы келе жатып тауып алдым деп көрсетеді. Бірақ есірткіні сатушылар жөнінде тіс жармайды”, - дей келе, есірткі заттарды сатушылар жөнінде ақпарат берген азаматтарға ірі мөлшерде сыйақы тағайындау қажеттігін айтты.
Аудандық ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімше бастығының орынбасары, полиция капитаны Б.Байдуанов пен ішкі істер бөлімінің патрульдік қызметін ұйымдастыру жөнінде аға инспекторы,  полиция майоры Е.Байтақов нашақорлықтың залалы жөнінде өздерінің ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар есірткі заттарының адамның физиологиялық-психологиялық дамуына тигізер зияны мен нашақорлыққа әуестеніп, ішімдікке салынудың соңы құқық бұзушылыққа, түрлі қылмыстық әрекеттер жасауға әкеп соғатынын, ал, бұл - адамның өз өмірін өзі құрдымға жіберетінін айтып, нашақорлықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдер арасында профилактикалық іс-шараларды жиірек өткізудің маңызын күн тәртібінен түсірмеу қажеттігін алдыға тартты.

фото А.Алдабергенов

 

Обновлено 19.11.2012 12:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін231
mod_vvisit_counterКеше1554
mod_vvisit_counterОсы аптада1785
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16861
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2268530

Серіктестер