Онлайн газет



Ауыл ардагерлері – ауызбіршіліктің ұйытқысы

К.Беспаев,
Сарыкемер ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Қатарына 1843 зейнеткер-ардагерді біріктіріп отырған Сарыкемер ауылдық округі ардагерлер ұйымын бірлік, берекенің бесігі десек артық айтқандық болмас. Өйткені бұл ұйым ауылдағы ауызбіршіліктің ұйытқысы, тәрбие, өнеге мектебі болып

отырғанын ешкім жоққа шығара алмас. Өмірдің түрлі кезеңдерін бастан кешіп, тәжірибе жинақтаған ардагерлер керегінде ақыл-кеңесші, қажетті жерінде жас ұрпақ тәрбиешісі бола білуде.
Бастауын 1987 жылдан алатын ауылдық округтің ардагерлер кеңесі қазіргі күнде 8 бастауыш, 7 цехтық ардагерлер ұйымын біріктіріп отыр. Қазіргі таңға ауылдық округ бойынша небәрі 3 Ұлы Отан соғысының ардагері қалды. Ірі де іргелі бастауыш ұйымдарды айтар болсақ, білім беру саласында 52, медицина саласында 50 ардагер бар. Қалған 1741 адам Сарыкемер, Қосақ, Базарбай ауылдарындағы бастауыш ұйымдарда. Егіс егіп, мал бағып жатқаны жоқ,  осы ардагерлер ұйымы не істейді дейтіндер де  табылып қалар. Өмірдің түрлі кезеңінен өткен, қиындықты да, қызықты да көрген аға буын зейнетақысын қалтаға басып, қарап жатса да ешкім ештеңе дей алмас еді. Бірақ өмірде белсенді позицияда болып үйреніп қалған ардагерлер бүгінгі  ұрпақтың тәрбиесіне, тыныс-тіршілігіне араласпай отыра алмайды.Сондықтан ұйым ардагерлер алқасының басшылығымен жоспарлы да жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Негізінен барлық жердегідей бізде де жұмыс белсенділікке байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда бастауыш, цехтық ұйымдардың жұмысында оң өзгерістер байқалады. Ең алдымен ұйымдар өздеріндегі ардагерлерді түгендеуді қолға алды. Зейнетке шыққан еңбек ардагерлерін барынша бастауыш, цехтық ұйымдарға топтастыру қолға алынды. Осыдан барып ұйым жұмысына белсене араласатындар саны арта түсті. Бұл істе медицина  саласы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы С.Мәжібаев, Сарыкемер, Базарбай, Қосақ ауылдық ұйымдарының төрағалары Қ.Құдайбергенов, Ө.Рахимов, Қ.Байтақов, цехтық ұйым төрағалары М.Раджамов,  Ә.Әлмұратов, Ө.Бәушеновтер көзге түсуде.
Ардагерлердің де өз өміріне және ел өміріне байланысты талап, тілектері, мәселелері болып тұруы заңдылық. Осыған орай ауылдық ардагерлер кеңесінде кезекшілік ұйымдастырылған. Кезекшілер аптаның бес күнінде келген ардагерлерді қабылдап, талап, пікір-ұсыныстарын тіркеп отырады. Сонымен қатар түскен өтініш, тілектер тиісті орындарға жолданып, егелерінің қанағаттанарлық жауап алуларына ықпал етеді.
Ауылдағы ұйым өз жұмысын сол аумақтағы ардагерлердің мұң-мұқтажын ескеріп, олардың әл-ауқаты, тұрмыс тіршілігіндегі түйткілдерде қолғабыс етуге бағыттауда. Сонымен қатар зейнеткерлер мен қарт кісілердің денсаулығын түзету ісіне де жан-жақты көңіл бөлінуде. Ондай кісілердің тізімі аудандық емханада арнайы есепке алынған. Бұл шараларды іске асыруда тұрақты комиссиялардың жұмыстары игі ықпал етуде. Ауылдық округ ардагерлер ұйымы жанынан 4 тұрақты комиссия құрылған. Солардың жәрдемімен кейбір істердің шешімін табуына жағдай жасалады. Мысалы, ардагерлер ауылдық округ әкімшілігімен бірлесе отырып, көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, тұрғын-үй жәрдемақысы, бір жолғы, арнаулы көмектерді беруде олардың отбасында  болып, жағдайды нақтылауда көмек көрсетуде. Бұл істе еңбек ардагерлері Ш.Таңатаров, Н.Қашқынбаев, Т.Папиев, А.Мамытқұлұлы, тағы басқалар белсенділік танытуда. Сол сияқты жастарды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге,  қазақы салт-санада, адами құндылықтарды бойына сіңіре тәрбиелеуде де көп істер атқарылуда. Әсіресе,  тәрбие жөніндегі комиссияның төрағасы Мэлс қажы  Халбаев пен комиссия мүшелерінің атқарып жатқан істері көңілді сүйсіндіреді. Олар білім ордаларында болып, жас ұрпақпен кездесіп, аға ұрпақтың ерліктері мен еңбектерін өнеге ете отырып, тәрбие береді.
Ардагерлер ұйымы жұмысының нәтижелілігі жергілікті билік органымен қоян-қолтық жұмыс алып баруымен, олардың қолдап, қуаттауымен тікелей байланысты. Сондай қолдауды, қамқорлықты сезінудеміз. Ардагерлерге ауылдық округ әкімшілігі  тарапынан арнаулы болме бөлінген.  Онда кеңсе жабдықтары болуымен қатар, телефон және компьютер бар. Бұлардың барлығы еркін бас қосып, жұмыс жүргізуге толық мүмкіндіктер беруде. Сондықтан қолдан келгенше барлық істі көпке үлгі боларлықтай етіп ұйымдастырудамыз. Соның нәтижесінде биыл республикада ардагерлер ұйымының құрылғаны -  на 25 жыл толуына  орай өткізілген байқауда біздің Сарыкемер ауылдық ардагерлер кеңесі облыс бойынша бірінші орынды жеңіп алды және республикалық байқауға ұсынылды. Мұның өзі ұйым жұмысының қай деңгейде жұмыс істеп жатқанын көрсетсе керек.
Жуықта Шымкент қаласында оңтүстік өңірдегі облыстар ардагерлер кеңестерінің семинар –кеңесіне барып, тәжірибе алмасып қайттық. Сондағы аңғарғанымыз ұйым жұмысын одан әрі жандандыра түсу мүмкіндіктері баршылық екен. Алдағы уақытта сол мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жұмысты  одан әрі жетілдіре  түсетін боламыз.





 

Обновлено 19.11.2012 11:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1197
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада1197
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда16273
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267942

Серіктестер