Онлайн газет



Мүлікті жария ету – маңызды шара

Ф.Данчаева,
Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру» бөлімінің басшысы.

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылдың 1 қыркүйегінде №213-V ҚР Заңы қолданысқа енді.
Мүлікті жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Мүлікті жария етуге ұсыну үшін құжаттарды қабылдау 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 2015 жылдың 30 қарашасы аралығында жүргізіледі.
Мүлікті жария етуге тапсырылатын құжаттар:
1) Заңмен белгіленген нысан бойынша екі данада мүлікті жария  етуді өткізуге арналған өтініш;
2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс  жерлердегі жылжымайтын мүлік және шетел мемлекетінде тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлесі бойынша құжаттар, осындай мүлікке құқық белгілейтін құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) Эмитенттері шетел мемлекетінде тіркелген бағалы қағаздар бойынша құжаттар, бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиісті жүйесіндегі дербес шоттан үзінді көшірме не резиденті бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген осы бағалы қағаздарға меншік құқығын растайтын өзге де құжат;
5) Мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжат.
6) Алымды төлегенін растайтын құжаттарды ұсынады.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚР Қаржы Министрінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі мүлікті жария етуді өткізудің кейбір мәселелері туралы бұйрығы шығарылды.
Осының негізінде тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі мүлікті жария етуді салық басқармасы жанынан құрылған мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясына ұсынады;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрған мүлік бойынша тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы орган, аудан әкімшілігі жанынан құрылған мүлікті жария ету жөніндегі комиссиясына ұсынады.

 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1138
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1138
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12885
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990977

Серіктестер