Онлайн газет



СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

АУЛА ОЙЫНДАРЫ

М.Манекеев,
“Ауыл жаңалығы”.

Өз Жолдауында Елбасымыз: «Саламатты өмір салты - ұлт денсаулығының кілті болып саналады. Алайда елде барлығы үшін қолжетімді спорт нысандары, спорт құрал-жабдықтары жетіспейді. Осыған байланысты Үкімет және жергілікті органдар дене шынықтыруды, бұқаралық спортты дамыту және типтік жобадағы дене шынықтыру-сауықтыру нысандары, соның ішінде, аула нысандары құрылысы бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл жұмысты келесі жылы-ақ бастау керек», - деп көрсеткен. Олай болса, Президентіміздің Жолдауын жүзеге асыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, ағымдағы жылғы наурыз айының басында аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданының аула ойындары басталған болатын.
Сарыкемер ауылындағы дендросаябақта ұйымдастырылған шара екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең ауыл, ауылдық округтерде өткізілсе, екінші кезең аудандық деңгейде орталық саябақта болды. Аула ойындарына ел жадында ұмыт бола бастаған ұлттық ойындар-қалашық, арқан тарту, ләңгі тебу ойындары кірді. Осылайша, ауыл тұрғындарының бос уақыттарын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген аула ойындарының үшінші кезеңі Тараз қаласында өз жалғасын таппақ.

ҚОЛ КҮРЕСІ

Үстіміздегі жылдың 9-14 наурызы аралығында Алматы қаласында армрестлингтен юниорлар, жастар, мүгедектер және спорт шеберлері арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында аудан намысын алты спортшымыз қорғап қайтты.
Түрлі деңгейдегі спорт бәсекелерінде топ жарып жүрген №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ілияс Жансақаловтың шәкірттері айтулы додада аудан намысын қолдан бермей, жеңіс жалауын желбіретіп келді. Атап айтқанда, жасөспірімдер арасында 50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нәрік Динара, осы салмақта жастар арасында күш сынасқан Лаура Кәрімбаева, 60 келіде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Сәлім Нышаналы жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, Жеңісбай Әділет, Нәрік Әселдер жүлделі екінші орындарды қанжығаларына байлады.

ШАХМАТ, ДОЙБЫ

Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай,  Ботамойнақ ауылдық округіндегі балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері Бегалиев Рысбек Бегалыұлын еске алуға арналған шахмат пен дойбыдан турнир ұйымдастырылды.
Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі мен жастар маманы Н.Есиргеновтың ұйымдастыруымен  және «Бегалиевтер» шаруа қожалығының жетекшісі А.Бегалиевтің демеушілігімен өткен турнирде ауылдық ардагерлер алқасы төрағасының орынбасары Ә.Бозғұлов сөз сөйлеп,  турнир  қатысушыларына Р.Бегалиевтің өмір деректері бойынша мағлұматтар беріп, сәттілік тіледі.
Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының үйірме жетекшісі Қ.Аликуловтың төрелігімен өткізілген турнир нәтижесінде дойбыдан бірінші орынды Азамат Махамбетов, екінші орынды Адия Садуақасова, үшінші орынды Жанболат Айдарбеков, жасөспірімдер арасында 1-орынды Б.Мұратбаев, 2-орынды  Н.Қоңыратбаев,  3-орынды Б.Кадимовтар иеленді.
Сонымен қатар, шахматтан  ересектер арасында Д. Абдисадиков-бірінші, Н.Кунградбаев-екінші, М.Байдешова-үшінші орынды өзара бөліссе, жасөспірімдер  арасында 1 орынға - Нұрсұлтан Әден, 2 орынға - Арман Қалиев, 3 орынға - Нұрдәулет Әдендер ие болды. Жеңімпаздарды  Р.Бегалиевтің ұлы «Бегалиевтер» шаруа қожалығының жетекшісі А.Бегалиев пен ауыл әкімшілігінің бас маманы М.Асқаровтар Дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ

Жуырда Ұлы Жеңістің 70 жылдығын кең көлемде қарсы алып, ардагерлердің ерлігі мен өнегелі істерін насихаттау мақсатында Ботамойнақ ауылдық округі әкімінің ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғысының ардагері, бүкіл саналы ғұмырын оқу-ағарту саласына арнаған марқұм Әзіралы Ниязымбетовты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ауданның ашық біріншілігі болып өтті. Аталмыш біріншілікке ауданның білім ошақтарындағы ең танымал деген тоғызқұмалақшы оқушылары қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Ж.Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ғазиз Мақұлбаевтың бас төрелігімен ұлдар мен қыздар арасында өткен  аудандық біріншілікке аудан бойынша тоғызқұмалақтан «спорт шеберлігіне үміткер» атағын тұңғыш қорғаған Ұлы Отан соғысының ардагері, марқұм Әзіралы Ниязымбетовтың немересі Мейрамбек Тұлғабайұлы демеушілік жасады.
Жарыс қорытындысында ұлдар арасында бірінші орынды Әділбек Қанатов, екінші орынды Нұрбек Ынталбек, үшінші орынды Нұрболат Сандыбаев иеленсе, қыздар арасындағы бәсекеде жүлделі бірінші орынға Балнұр Шалғынбай, екінші орынға Жайна Кирашова, үшінші орынға Балғаным Дүйсебаева лайық деп табылды. Сондай-ақ жарыстың «ең жас ойыншысы» ретінде Азіралы Азиз Талғатұлы аталды. Жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан марқұм Әзіралы Ниязымбетовтың бейнесі сомдалған медальдармен, арнаулы Дипломдармен марапатталды.                                                                               

Обновлено 31.03.2015 10:50
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1101
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1101
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12848
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990940

Серіктестер