Онлайн газет



КҮН ТӘРТІБІНДЕ-ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

С.Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

Аптаның сәрсенбісі күні, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті ХХХVІІ сессиясы болып өтті. Аудан әкімі М.Шүкеев пен орынбасарлары, аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаев, ауылдық округ әкімдері мен бөлім, кәсіпорын, мекеме басшылары қатысқан сессияға Бурыл сайлау округінен сайланған депутат Е.Әшірбеков төрағалық жасады. Сессия күн тәртібіне он бір мәселе шығарылды.
Алдымен сессия қатысушылары алдында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Б.Сағынбеков ауданда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтерудің негізін қалыптастыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
-Ауданның экономикалық негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы секторына тиесілі болғандықтан аудандағы ауыл шаруашылығын жүргізуші субъектілердің басым бөлігі дәнді дақылдармен қатар, көкөніс, бақша, майлы дақылдар және мал шаруашылығымен айналысуда. Соңғы жылдары орын алған экономикалық қиындықтарға қарамастан, өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында тұрақтылық байқалуда-деп, бастады өз сөзін Болат Мырзаханұлы. Өткен жылы аудандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы 56826 гектар жердің 27739 гектары суармалы, ал 29087 гектары тәлімі жерді құраған. Сондай-ақ өткен жылда ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 20 млрд. 828 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,4 пайызға жеткен. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 5 млрд. 728 млн. теңгеге ауыл шаруашылық өнімдері артық өндіріліпті.
Сонымен қатар, баяндамашы өз саласына қатысты көктемгі егіс-дала жұмыстарының орындалу барысы, жиналған масақты дәнді дақылдардың түсімі, сараптамадан өткізілуі тиіс тұқым көлемі, мақсары өнімділігі, ауыл шаруашылық техникаларының дайындығы, тұрғындарды көкөніспен қамтамасыз ету, жылыжай жұмысын үйлестіру, лизингтік жүйе бойынша техника сатып алу, субсидиялау жұмыстары, мал шаруашылығын дамыту негізіндегі атқарылған шаралар, ұсақ шаруаларды ірілендіру, мемлекеттік «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламаларының жүзеге асуы, ағын су мәселесі, тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларын қолдану жолдары, тыңайтқыштарға қол жеткізу, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы орындалып жатқан жұмыстар жөнінде жан-жақты баяндап берді.
Баяндама аяқталған соң №5 Суханбаев сайлау округінен депутат С.Молдабеков, Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Қ.Шалбаев, «Жадыра» ауылдық тұтыну кооперативінің жетекшісі Г.Даулетбаевалар жарыссөзге шығып, өз салалары бойынша атқарылып жатқан істерге тоқталып, ұсыныстарын жеткізді.
Сонымен қатар, күн тәртібіне шығарылған өзекті мәселенің бірі – «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы №36-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Д.Сұлтанбековтің хабарламасы тыңдалды. Бөлім басшысы  ауданның 2015-2017 жылдарға арналған бюджетіне түсініктеме беріп өтті.
Жоғарыда аталған мәселелермен қатар, күн тәртібіндегі өзге де мәселелер бойынша мәслихат депутаттары мен түрлі сала басшылары көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды. Сессия барысында бұдан бөлек әртүрлі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Аудандық мәслихаттың кезекті ХХХVІІІ сессиясына төраға болып, №2 Амангелді сайлау округінен  депутат А.Исабаев сайланды.

Обновлено 27.03.2015 09:49
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1106
mod_vvisit_counterКеше1784
mod_vvisit_counterОсы аптада1106
mod_vvisit_counterӨткен аптада13521
mod_vvisit_counterОсы айда12853
mod_vvisit_counterӨткен айда64729
mod_vvisit_counterБәрі3990945

Серіктестер